» » Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй қирады

Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй қирады

  Қызылорда қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы орын алды. Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үй қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Келеңсіз жағдай қаланың шет аймағындағы Ә.Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үйде болған. Газ жарылысы салдарынан өрт шыққан. Бұл сәтте үйде 1965 жылы дүниеге келген азамат болған. Ол ауыр дене жарақатын алды. 
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтың айтуынша, көршілері  101 байланыс қызметіне тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалған. 
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекеме, жедел жәрдем, полиция және өзге құзырлы орындар мамандары келіп жетті. Қазір оқиғаның барысы тексеріліп жатыр.
08 маусым 2019 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829