» » Өзге жақтың дәстүріне шыдамаған қыз төрініне қайтып кеткен

Өзге жақтың дәстүріне шыдамаған қыз төрініне қайтып кеткен

   Елордалық Адина есімді келіншек (ред. аты-жөні өзгертілді) осыдан бір жыл бұрын оңтүстіктің жігітіне тұрмысқа шыққан. Астанада танысқан олар, көп ұзамай үйлену туралы шешім қабылдайды. Бастапқыда бас қалада тұрамыз деп сендірген жігіт, үйленген соң, туған жеріне қайтқан. Ол жақтың қатаң дәстүріне шыдамаған келіншек төркініне қайтып келген. Жүкті әйелдің жан сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап көрді.
25 жастағы Адина былтыр жазда шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққан. Елордада танысқан олар, үйлену туралы өмірлік маңызды шешімді көп ойланбай қабылдадық деді.
"Күйеуім Түркістан облысы Түлкібас ауданынан. Ауылда өскенімен оңтүстіктің жігітіне мүлде ұқсамайтын. Жазда ауылда ата-әжесінің қолына, оқу кезінде ата-анасына Шымкентке келіп отырған. Ата-анам "Оңтүстіктің жігітіне жолама" деген әңгімені жиі айтатын.
Алайда тағдыр солай болды, жолымыз тоғысып, үйленетін болып шештік. Отбасылық өміріміздің бастапқы үш айы жақсы өтті.
Ата-анам сыйға тартқан бір бөлмелі пәтерде тұрып, жұмысымызды істеп, ел қатарлы өмір сүріп жаттық. Бірақ күйеуім жұмыстан қысқарып қалып, қыстан бері жұмыс таппай жүрді. Ақыры ақпан айында елге қайтамын деген шешім қабылдады. Әрине бастапқыда мен қарсы болдым
Оған тұрмысқа шығарда, Шымкентке бармайтынымды, тек осы астанада қалатынымды айтқанмын. Бәріне келіскен болатын.
Алайда ата-енем жұмысқа шақырып, ақыры сол айда-ақ көшіп кеттік. Маған да жұмыстан шығуыма тура келді. Барғаннан кейін өмірім басқаша болып шыға келді. Таңертең ертемен тұрып, ата-енеме шай дайындаймын.Одан қалса, демалыс сайын ауылдағы ата-әжесіне барып, ол жаққа көмектесемін. Орамал тағып, сәлем саламын. Біздің жақта ондай жоқ, шынымен мен үшін ол дәстүрдің бәрі таңсық көрінді.
Кәдімгідей таңғы алтыда тұрып, үй маңын сыпырдым. Университетті қызымен бітірген дипломым, мектепті үздік бітіргенім бәрі жайымен қалды. Өткен айда аяғым ауыр екенін білдім. Ақыры шымкенттік дәстүрге шыдамай осындағы үйіме қайтып кеттім", - дейді келіншек.
Болашақ ана күйеуімен әлі де тілдесіп тұратынын айтты. Алайда туған-туыстары келіншектің соңынан бармаймыз деген шешімге келіп, жолдасын өзімен ажырасуға көндірмек екен."Ата-енем, ағалары бар, бәрі менімен ажырас дейді екен. Бойымда бала бар екенін біледі, қалайша сондай сөз айтады екен? Балаға көмектесеміз, әйел табылады деп күнде күйеуіме сондай кеңес береді екен.
Ендігі өмірім не болатынын білмеймін. Мына жақтан ата-анам да көңіліміз қалды, екіге айырылыңдар деп отыр.
Қатаң дәстүрге мойынсұнбаймын деп, отбасымның шаңырағы шайқалайын деп тұр. Егер жолдасым менімен татуласуға соңымнан келмесе, ажырасып тынатын шығармыз. Одан басқа жол көріп тұрған жоқпын", -деп әңгімесін аяқтады келіншек.
09 маусым 2019 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930