» » HYPE-ТАМА: Әбдіжаппар Әлқожа ел күтпеген хабарлама жасады

HYPE-ТАМА: Әбдіжаппар Әлқожа ел күтпеген хабарлама жасады

  Танымал қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды. Соңғы уақытта Өзбекстан басылымдары оның ұлтының өзбек екенін жарыса жазған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қызық Times бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жуырда Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желіде өзбекше құттықтау айтқан видеосын бөліскен-ді. Осы құттықтаудан кейін әншінің ұлтына қатысты көптеген пікір айтылды. Әсіресе, Өзбекстан елінде оның өзбек ұлтынан шыққаны туралы жарыса жазылды. 
"Қазір Instagram желісі деген жақсы болды ғой. Түрлі пікір келіп жатыр. Өзбекстандағы эстрада жаңалықтарын жазатын сайттар "Қазақстандық Әлжаппар өзбек екен. Таза сөйлейді" деп салып жіберген екен. Оған қоса концерттерге шақырту алып жатырмыз. Өзбектердің ар жақта "Мына бала өзбек пе, қазақ па?" деп миы ашып жүр", - деп күлді әнші. 
Әрі қарай жұлдыз өзінің қаны қазақ екенін айтты. Ал өзбек тілінде таза сөйлеуін Жетісайда – екі елдің шекарасы маңында өсуімен байланыстырды. Сондай-ақ, шет тілін жетік білуге Қазақстанда да көрсетілетін өзбек телеарналары әсер еткенін жасырмады.
09 маусым 2019 ж. 1 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031