» » Қандай адамнан қашық жүру керек?

Қандай адамнан қашық жүру керек?

  Бес саусақ бірдей емес. Адамдар да әр түрлі. Жаныңызда әрдайым жақсы адамдар жүрсін десеңіз, өзіңіз де жақсы болуға ұмытылыңыз. Жаман адам жоқ. Оны өзгертетін өзіміз. Қандай адамнан қашық жүру керек? Біздің аз-кем кеңесімізге құлақ түріңіз.

1. Өзімшіл адамнан аулақ болыңыз. Ондай адамдар өзіне керек кезінде ғана сізді өз мақсатына пайдалану үшін жаныңызда жүреді.

2. Сізбен қарым-қатынас кезінде сізден көп нәрсе сұрай беретін және өзі ештеңе бермейтін жандардан қашық болуға тырысыңыз.

3. Кей адамдар кішкентай болмашы нәрседе де үнемі жеңуге ұмтылады. Өзінің ісі дұрыс емес болып тұрса да өзін ақтауға тырысады. Мұндай жандар да қауіптірек.

4. Басқалармен сізбен қарым-қатынасқа түскендей қарым-қатынас жасамаса, сондай адамнан сақ болыңыз. Өйткені, екіжүзділік жақсы қасиет емес.

5. Олар өздерін ешқашан кінәлі деп санамайды. Қандай жағдайда да өз «шындығын» дәлелдеп бағады. Сол арқылы өз ұпайын түгендеуді мақсат тұтады.

6. Олар өзгенің қателігін сізге көрсету арқылы өзін «аппақ» етіп көрсеткісі келеді. Сөйтіп, сізді досыңызбен яки туысыңызбен араздастырып қояды.

7. Олар күн сайын мың құбылады. Бірде қайырымды, қамқор адамның рөлін сомдаса, енді бірде жүрегі қатты қатыгез адам бола салады. 8. Оларда «дос» деген ұғым жоқ. Тек қана пайдалану ғана бар.

Өзгеге де болсын демей, тек «өзіме, өзіме» дейтін ашкөздігі бар. Әрине, адамның барлығы бірдей емес. Алайда, Абай атамыздың «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» деген сөзін есіңізден шығармаңыз.
10 маусым 2019 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30