» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар слеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар слеті

  Сол жағалаудағы Жастар орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І облыстық жастар слеті» өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп ұйымдастырған слет аясында мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар көрмесі өткізіліп, кәсіби бағдарлану бойынша сала мамандары кеңес берді. Сондай-ақ, жастар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар ұйымдастырылды.
Облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан да делегаттар қатысқан слеттің салтанатты жиыны Департамент басшысы Абзал Мұхимов алғы сөзімен ашылды. Слет барысында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Сабанбаев, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов баяндама жасады.
Сонымен қатар Департамент жанынан «Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.
Слет қорытындысымен сырбойылық жастар «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.
10 маусым 2019 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031