» » ТАҚ ТАЛАСТА "ЛИВЕРПУЛЬ" ЖЕҢДІ

ТАҚ ТАЛАСТА "ЛИВЕРПУЛЬ" ЖЕҢДІ

  Өткен сенбіде әлем назары Мадрид қаласына ауды. «Ванда Метрополитано» стадионында "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" Чемпиондар лигасының кубогын сарапқа салды.  «Ливерпуль» үшін ойын күтпеген жерден жағымды басталды. Небəрі 1 минутта доп Мұса Сиссоконың қолына тиген соң белгіленген пенальтиді Мұхаммед Салах қақпаға тоғытты. Осыдан соң «Тоттенхэм» тайм соңына дейін шабуылдаумен болды. Бірақ нəтиже берген жоқ. «Ливерпуль» ойыншылары да қарап қалмай қауіпті сəттерді жиі ұйымдастырды.
Екінші бөлікте Почеттино шəкірттерінің шабуылы ширай түсті. Егер Алиссон болмағанда Ливер кемі екі гол жіберіп тынар ма еді?! Эриксен шиіре тепкен допты алып шықса, Моура мен Сон Хын Миннің тепкендерін қиналмай тосты. Матчтың нүктесін 87 минутта тыңнан қосылған Дивок Ориги қойды. Бұрыштама добынан кейін "Тоттенхэм" қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланған ол допты алыс бұрышқа қадап тепті. Бұл соққыға  Льорис еш қауқар таныта алмады.
"Ливерпуль" – "Тоттенхэм" 2:0
Гол салғандар: М.Салах, 2 мин (пенальтиден),  Д.Ориги, 87 мин.
12 маусым 2019 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30