» » МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ ЗАРДАБЫ БАР МА?

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ ЗАРДАБЫ БАР МА?

  Микротолқынды пештің тамаққа да адамға да, түк зияны жоқ екен. Соңғы жылдары микротолқынды пеш адамды айықпас дертке шалдықтырады деген аңыз тарады. Өйткені олардың ойынша пештен шығатын микротолқындар тамаққа сіңіп, одан адам ішіне жол тартады. Қуанышқа орай, олардың ешқайсысы шындыққа үйлеспейді. Әрқайсысына нақты тоқталып көрейік.
Микротолқын деген не екенін ұғыну қажет. Бұл электромагнитті толқындар.     
Пештен бөлек олар жарық шамдарында, радиоларда және рентген аппараттарында бар. Бұлардың барлығының құрамында микротолқын бар деп айтқанмен әр құрылғының электромагниттері әртүрлі. Бұл толқындар ең әлсіз сәулелерге жатады. Ал оның ең күрделі түрі гамма сәулесі. Бұл күллі адамзат баласына қауіпті. Аорон Кэррол айтпақшы, «микротолқындар – тамақты  жылыту үшін ғана қажет» екен. Адамның барлығы толқын немесе сәуле сөздерінен қатты қорқады. Алайды тамақты жылытуда тек олардың зиянсыз түрі қолданылады. Тағам құрамындағы сутектің тез айналымының арқасында жылу пайда болады. Сондықтан олар осындай құрылғыға қол жеткізген. Микротолқынды пеш тамақтың барлығын радиоактивті қылады деп айту қиын-ақ. АҚШ тың үкіметі адамдардың тұрмыстық техникадан алатын сәулелері аз мөлшерде болу қажет деп заң бекіткен. Егер тамақ жылыту барысында  сізге сәуле зиянын тигізеді деп ойласаңыз, бұл да қате пікір. Тек отбасыңызда аппараттың көмегімен жүретін адамдар болмаса бұл түк зиянсыз. Егер жүрегіне немесе өмірлік қажетті органдар кардиостимулятор сияқты құрылғыны қолданатын болса бұл зиянын тигізеді.
Микротолқынды пеш тағамдардың құндылығын жоя ма?
Көп адамдар тамақтың микротолқынды пештен кейін құнарсыз болатынын айтады. Микротолқынды пеш тек тамақ жылытады. Ол ешқашан тамақты құнарсыз қылған емес. Оның үстіне соңғы зерттеулерге қарағанда микротолқынды пеш тамақтың құрамындағы дәрумендерді сақтап қалады екен. Өйткені зерттеулер көрсеткендей, оны газбен жылыту немесе будың көмегін пайдалану дәрумендерді  өлтіруге жол ашады. Бірақ ғалымдар тағамнан бөлек көкөкністерді қолданып оларды күнделікті рационға енгізу керектігін айтады. Қырықжапырақ, қияр, қызанақ сияқты бақша өнімдері денсаулыққа өте пайдалы.
Микротолқынды пештен адамдар неге зардап шеккен?
Ондай жағдайдың болғаны рас. Себебі адамдар оны көрсетілім бойынша қолданбаған. Оны ешқашан темір ыдыста жылытуға болмайды немесе тәрелкеде қалып кеткен қасықпен шанышқының өзі айтарлықтай зиянын келтіреді. Сонымен қатар тым құрғақ және тастай тағамдарды жылытуға болмайды. Шикі етті микротолқынды пеште дайындауға тыйым салынады. Ол тек жылытуға арналған құрылғы және ең соңғы айтатын нәрсе күйік шалу оқиғалары. Микротолқынның ыстық болатынын естен шығармаған жөн. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар.
ДАМИР Амангелді
15 маусым 2019 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031