» » Өсіретін өнер ме, өшіретін өнер ме ?

Өсіретін өнер ме, өшіретін өнер ме ?

  Әрбір адам дүние есігін ашқанда өмірде және қоғамда өз орнын таба білу қажет. Қазіргі қоғамда жұлдыз болу немесе танылу  оңай олжаға айналып кетті. Тәрбиеге келгенде ақсап тұрғанымыз шындық,  және оны сіз бен біз  дұрыс жолға қоюға ат салысуымыз керек. Кез-келген кішкентай ғана жайт үлкен мәселе тудырары сөзсіз. Жастардың көбісі  той-томалақта  жүріп ақша тапқысы келеді. Бұл − өте өрескел жағдай. Мәдени өсу, білім, тәрбие болмай және  қазіргі жастардың өзін кемелдендіруінсіз, қоғам алға баспайды. Баланы бағып оны оқыту − әке-шешенің бір міндеті. Ол аяққа тұрамын  дегенше оған қамқор болу қажет. Ал кішкене кезінен ақшаға жұмыс жасаған баланың санасы қараңғыланып,  ақшаның құлы болмасына кім кепіл?
   Баланың тойдан табыс табуына қатысты  «жәй ғана ән айтып жатыр ғой, оның несі жаман?» деген пікір болуы мүмкін. Талантты болса, өлең  айтатындай дауысы болса,  концерттерде, мектептегі  іс-шараларда  өлең  айтсын . Ол балаға жақсы жағынан әсер берері сөзсіз. Ал тойға келер болсақ, ол баланың санасын улайды.  Дүниеден өткен ойшыл ақын Қадыр Мырза-Әлінің  «Өнерсіз адам балса да, өнерсіз қазақ болмайды» деп айтып кетуінде үлкен мән бар. Бір-ақ түнгі тойлар баланың табыс табатын жері ме?
     Қазіргі тойда бейәдеп сөйлейтін асаба, батыс биіне құмар қыздар толып жатыр, ал оның қасында, 6-13 жастағы балалар өлең айтып, би-билеп өз өнерлерін  көрсетіп жүр. Тойдағы қонақтар қызыға тамашалап, ақша да береді.  Бұл жердегі негізге мәселе міне, ақшада жатыр. Балаға  ата-ана материалдық жағдайдан  белгілі бір шектеу қоя білу қажет. Сондай-ақ той-томалақта түнімен жүріп, даңғаза шудан шаршаған оқушының мектептен алған білімінің бойға сіңе қоюы да екі талай.
      «Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» деген Абай сөзін қайда қоямыз?
                                                                                  Нұрай ӘБДУӘЛИ,
                                                                                  ҚМУ-дың  II курс студенті
15 маусым 2019 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031