» » Дәрілерді бақылау күшейтіледі

Дәрілерді бақылау күшейтіледі

  Қазіргі таңда дәрігер ұқсатымен ғана босатылуы тиіс дәрінің рецептісіз сату ең өзекті мәселенің біріне айналды. Дәріні дәрігер қадағалауынсыз беру  жалпы әлемдік тәжірибе де бар.  Мәселен, Германия дәріханаларында дәрілік заттардың 80%-ы ЕО аумағында жазылған рецепт бойынша босатылады. Дәрігер дәрі рецептісін науқасты толық тексергеннен кейін ғана тағайындайды. Германияда фармацевтті рецептісіз дәріберуге көндіру мүмкін емес. Мұндай жүйе өз бетімен емделу және әсері өте күшті медикамент бақылаусыз қабылдаудың алдын алады.
Осы орайда облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Дәрілік заттардың рецептуралық босатылуы» тақырыбында семинар өтті. Мақсат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маңызды мәселелерді, оның ішінде дәріні рецептімен босату сұрақтарын талқылау, фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталған.
Семинарға облыстағы медицина және дәріхана ұйым өкілдері, ҚР  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының президенті Мария Дурманова, Ресей мен Белоруссия еліндегі фармацевтикалық компания өкілі Оксана Чуркина қатысты.
Дәрілік заттар айналымын реттеудің заманауи әдісі және «ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс тұжырымдамасы туралы ҚР  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті М.Дурманова баяндады. Семинар қатысушыларына дәрілік заттар босатылымы және фармацевтикалық саладағы кәсіпорын қызметін реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар шарада дәріханаларды тексеру тәртібі, рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейту, бағаларды реттеу жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.
14 маусым 2019 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930