» » Нұрзат Қару «Aitys online» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды

Нұрзат Қару «Aitys online» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды

  Қазалылық Нұрзат Қару 14 шығарылымнан тұратын "Aitys Online" жобасының жеңімпазы атанды.
Бұл айтыстың бір ерекшелігі, айтыскердің әрқайсысы үйден шықпай-ақ, өз қаласынан қарсыласқа қоңырау шалу арқылы айтысты. Яғни, бір-бірімен бейне қоңырау арқылы сөз жарыстырды. Сегіз айтыскер ақын екі топқа бөлініп, жыр көмбесін қыздырды. Өз тобында бірінші орын алған қатысушылар финалда топ жару үшін бақ сынасты. Барлық шығарылымдарда жеңімпаздарды көрермендер анықтады. Көрермендердің пікірінше Нұрзат Қару ақтық сындағы қарсыласы Алтынбек Ибрагимнен басым түсіп, жобаның жеңімпазы атанды.
Бұл айтыста айы оңынан туған Нұрзат Талғатқызына белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов 1 млн теңгенің сертификатын табыстады.
15 маусым 2019 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031