» » Сайлау мониторингі

Сайлау мониторингі

  9 маусым күні өткен алтыншы Президент сайлауының өту барысы жайында  «Аманат» азаматтық платформасы мониторинг жүргізді. Шараға штаб жетекшісі Майя Наримова және мүшелері Анар Жарылқасынқызы, Жандос Бектайұлы, Жандос Базартай қатысты.
Сайлауға  «Аманат» азаматтық платформа атынан 382 адам бір ай көлемінде семинар тренингтен өтіп, оның 379-ы 366 сайлау бөлімшесінде жұмыс жасады. 32  мобильді капитан бағдарлама бойынша жұмыс атқарып, 12 акт, 20-дан астам ескерту берілген. Өрескел заң бұзушылық Арал қаласында орналасқан 12-сайлау бөлімшесінде орын алған. Белгісіз азамат сайлау жәшігін сындырып, сайлау бөлімшесіндегі бақылаушыларға дөрекілік танытқан. Дер кезінде полиция қызметкерлері келіп, жағдайды қалпына келтірген, заң бұзушы азаматтың алкогольді ішімдік пайдаланғаны белгілі болды. «Аманат» азаматтық платформа бұдан өзге 10-нан астам акт толтырылғанын мәлімдеді. Сонымен қоса сайлау барысында 18-20 жастағы студенттер арасында бюллетеньді қалай толтыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
      Нұрай БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,
ҚМУ-дың II курс студенті
15 маусым 2019 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031