» » Қызылордада көпфункционалды орталық ашылды

Қызылордада көпфункционалды орталық ашылды

Сыр өңірінде жыл басынан бері жастарға арналған 19 әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соның бірі – көпфункционалды жастар орталығы.
Бұл орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бұл Абдолла Бегайдаров үшін де жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол бүгінде жаңа дизайнерлік жобалар аясындағы ізденісін жалғастыру үшін ресурстық орталықтың тегін қазметін тиімді пайдаланып жүр.
«24 сағат жұмыс жасайды, студенттер бос уақытында келуге болады. Коворкингке жиналады, интернет кітапхана бар. Оның бәрін пайдалануға болады», - дейді қала тұрғыны Абдулла Бегайдаров.
Кәсіп бастаймын, ғылым жолында ізденемін немесе жаңа технологияның дамуына үлес қосамын дейтін жастарға жаңа орталықта барлық жағдай жасалған. IT-парк, коворкинг орталықтан бөлек жастар шығармашылығын дамыту бөлмесі, фитнес тіпті психологиялық кабинет те қызмет көрсетеді.
«Әдістемелік көмек көрсету кабинеті қарастырылған. Бұл кабинетте біздің қызметкерлер тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу мәселесі, кәсіпкерлікті бастау, бизнес стартаптар бойынша түрлі бағытта түсіндірмелі ақпараттық жұмыстар жүргізеді», - дейді  облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев.
Облыс тұрғындарының 4-тен бірі - жастар. Оның 40 пайызы қалада тұрса, қалғаны ауыл-аймақтарда. Алдағы уақытта осындай орталықты аудандарда да салу жоспарда бар екен. Бұл бастама Сыр жастарының жан-жақты ізденісін дамытып, түрлі қызметтерді кедергісіз алуына жол ашады, дейді мамандар.
29 маусым 2019 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031