» » Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өтіп жатқан брифингте айтты.
«Қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккен 31 адам медициналық мекемелерге келіп түсті. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр, қалғаны орташа және жеңіл деңгейде. Бір адам қаза тапты. Оның автокөлігіне тіке снаряд келіп түскен», - деді әкім.
Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.
Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді. Түркістан облысының ауруханаларына 31 адам түсті.
29 маусым 2019 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031