» » Бауыржан Байбек: «Nur Otan» партиясының саясатын орындауға бар күш-жігерімді саламын

Бауыржан Байбек: «Nur Otan» партиясының саясатын орындауға бар күш-жігерімді саламын

«Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Бауыржан Байбек партия саясатын орындауға бар күш-жігерін салатынын мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті алматылықтар! Өзім туып-өскен Алматыға қызметке келгенім күні кеше ғана секілді еді. Міне, 4 жыл өте шығыпты. Осы кезеңде сүйікті қаламызға аянбай еңбек еттім. Көптеген жобаларды бірлесе іске асырдық. Маған үлкен сенім артып, Алматының әкімі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз. Атқарылған әрбір игі іс Елбасының зор қолдауымен іске асты. Сондай-ақ, Президент лауазымына кіріскеннен үнемі қолдау білдіріп, Алматыға арнайы келіп, метро және жолайырықтар құрылысының қарқынын үдетуге, қосылған аудандарда инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсеткен, сайлаудан кейін мені қайта тағайындаған Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үлкен алғыс білдіремін», - деп жазды Б. Байбек Instagram-дағы парақшасында.
Осы орайда ол қала әкімі қызметіне кірісе сала «Nur Otan» партиясының басымдықтары негізінде «Алматы-2020» бағдарламасын әзірлеп, ол қоғаммен тікелей талқыланғанын, жоспар ойдағыдай іске асып жатқанын жеткізді.
«Қала адамдар үшін» концепциясы аясында бірқатар көшелер жаңғыртылды, өндіріс ошақтары ашылды, экономика өркендеп, ауқымды инвестициялар тартылды. «Қызметіміздің үлкен бір бағыты ұлттық рухты көтеру болды. Елбасы қолдауымен ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жылдығын атап өтіп, қаламыздың өткенінен сыр шертетін «Алматы музейін» аштық. Осылайша, Алматының мыңжылдықтар бұрын бабалар салған алтын бесік, атажұрт екенін айшықтадық. Ұлттық өнерімізді дәріптейтін халықаралық шаралар ұйымдастырып, бірқатар өнер ордаларын аштық. Енді бүгін қарапайым азаматтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өзекті мәселелерді көтеріп келе жатқан халық пен биліктің арасындағы дәнекер - «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ел тарихындағы осынау жауапкершілігі мол тұста сенім артып отырған Елбасыға үлкен алғыс айтамын. Халықтың мемлекетке және ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға, ел бірлігін нығайтуға, яғни Елбасы бағдарын іске асыруға бағытталған партия саясатын орындауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Баршаңызға ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - деді ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған  Бауыржан Байбек, бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.  
30 маусым 2019 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031