» » Арыста 7700-ден астам үй күрделі жөндеуден өтеді

Арыста 7700-ден астам үй күрделі жөндеуден өтеді

Арыста 7700-ден астам тұрғын үй толық жөндеуден өтеді. Түркістан облысының әкімдігі осындай мәлімет таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Арыстағы жарылыстан 21 үй толықтай өртеніп кеткен. Онда тұрған 28 отбасы мүшелері  уақытша орынға жайғастырылды. Күлі қалған баспаналардың орнына жаңадан үйлер салынатын болады.
Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар болса, олардың көбінің шатыры мен есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен. Қалада құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміз өңірлерінен 170  арнайы бригада келетіні күтілуде. Қала секторларға бөлінген, жұмыстар ертең басталады.  Құрылысшылар тапсырылған міндетті 1 айдың ішінде толық аяқтайтыны жоспарланған.
Сондай-ақ, тоғыз жолдың торабында орналасқан қалада бүгіннен бастап  су жүйесі жүйелі жолға қойылды. Қазір барлық үйге су берілуде. Бұған дейін  орталық магистральда шыққан ақаудан 1500-дей абонент сусыз қалған болатын.  Жөндеу жұмыстары барысында су жеткізу желісін үзген снаряд табылды. Қазіргі таңда ақау салдары жойылып, жөндеу жұмыстары аяқталды. Тұрғындарға су тұрақты берілуде. Айта кетейік, Арыста 10 600 абонент болса, бүгінде су тарату көлемі 2,5 есеге ұлғайған. Айта кетейік, бүгін Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына келді. Республикалық комиссияның отырысы барысында қаланың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілетіні айтылды. Сондай-ақ Арыс толығымен бір айдың көлемінде қалпына келтіріліп, жаңадан аурухана бой көтереді, газ жүйелері тартылады.
30 маусым 2019 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031