» » Заңсыз айналым анықталды

Заңсыз айналым анықталды

  Біздің анықтама
Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Тұрахметов Ерболат Тұрғанбайұлы
– Ерболат Тұрғанбайұлы, қазіргі таңда есірткіге тәуелділік қоғамдағы ең бір өткір мәселенің бірі болып отыр. Бұл індет, өкінішке қарай жастар арасында кең таралуда. Маман ретінде есірткіге тәуелділік қалай басталады? Ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың алдын алу үшін не істемек керек?
– Бәрі әдеттегідей еліктеуден басталады. Кейде бір адамдар тобы жастарды есірт­кіге әдейі әуестендіреді. Мұның соңын ойламаған  жасөспірім бірте-бірте тә­­уелді бола бастайды. «Дә­мін бір рет татып көріп, кейін тас­тап кетем» дегендер қатты жа­ңылысады. Нашақор есірткі қабылдауды өз бетімен тұрмақ, ұзақ емделудің арқасында да тоқтата алмайды. Есірткі еліктейтін нәрсе емес.
– Нашақорлық жасарып бара жатыр деген қауіп бар қазір...
– Себебі, жасөспірімдер эмоционалды жағынан әлсіз, әр нәрсеге қызыққыш. Тез ересек болуға асығып, өз жастағыларынан ерекшеленгісі келіп тұрады. Осының салдарынан осындай жағдайға ұрынып жатады.  
– Осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында айтып берсеңіз?
– 2019 жылдың 5 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 133 қылмыстық іс құжаты тіркелді. Оның 16-сы есірткі затын сату болса, 6-уы есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және 4-уі құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін егу дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 104 дерегі анықталған болатын. Заңсыз айналымнан барлығы 20 келі есірткі заты алынды, оның 2 келіге жуығы гашиш.
– Есіркінің зияны жөнінде іс-шаралар қаншалықты тиімді? Жастардың осындай жиындарға қызығушылығы бар ма?
– Әрине, тиімділігі бар. Дөңгелек үстелдермен қатар спорттық шаралар ұйымдастыруға да мән береміз. Мектеп және жоғарғы оқу инспекторларымен тығыс байланыста жұмыс жасаймыз.
– Есірткіге елтитіндерді болдырмаудың төте жолын айтыңызшы?
– Бұл мәселе қазір қоғамдық проблемаға айналып отыр, сондықтан да онымен күреске ел болып жұмылу керек. Жастарымыз жаман әдеттерге үйір болса, еліміздің ертеңі не болмақ? Ең алдымен осыны ойлағанымыз жөн.
Байтүгей СУАН
01 шілде 2019 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30