» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Келер күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған ісіңіз нәтижелі болады. Шығармашыл адамдардың жаңа тынысы ашылады.
Торпақ
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалыстың өзі жеке өмірде үлкен мәселенің туындауына алып келеді. Сондықтан белсенді болып, кішкентай іске баса назар аударған жөн. Бұл апта сізге қиындау түскенмен, кейін жемісін көретсіз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді естен шығармаңыз.
Егіз
Достарыңыздың мәселесі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ең бастысы бұл апта сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай  жағдайда да өз өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз.
Шаян
Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына қымбатқа түсетін дүние. Аптада жұлдыздар барлық жақсы-жаманды ажыратып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгенмен, әбден көз жетпейінше сабырлылық танытыңыз.
Арыстан
Денсаулығыңызға назар аударыңыз. "Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде" демекші, аптап  ыстық күндері далаға шығудан бас тарқан жөн.  Апта соңы жағымды жаңалықпен аяқталады.
Бикеш
Достардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыз. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныш қалтаңызды қағып қалуы әбден ықтимал.
Таразы
Келер күнде өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Жұлдыздар белсенді болмауға кеңес береді. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің нәтижесін көресіз. Іскерлік жағдайыңыз да біраз саябырсиды.
Сарышаян
Бұл аптада құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Бақытты кезеңдерді отбасыңызбен немесе жақын адамдармен бөліскен дұрыс.
Мерген
Жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет. Абайсызда жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз ықтимал. Сондықтан ашуды басуға тура келеді. Жалпы бұл аптада ішкі жан дүниеңіздегі өзгеріске құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.
Тауешкі
Жақындардан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.
Суқұйғыш
Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанмен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындардың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді.
Балық
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керек. Мұны сіз жақсы білесізх. Сондықтан да қолға алған істің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді пайдаланыңыз.
03 шілде 2019 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930