» » «АҚЫЛДЫ БАСҚАРУ» БАРЛЫҚ САЛАҒА ҚАЖЕТ

«АҚЫЛДЫ БАСҚАРУ» БАРЛЫҚ САЛАҒА ҚАЖЕТ

  Елдің болашағы – цифрлық технологияда.Әлемде технология көз ілеспес жылдамдықпен күн сайын жаңарып, даму үстінде. Болашақта елдің байлығы, заманауи технологияны қаншалықты игергендігіне, онымен жұмыс істеу әдетінің қалыптасуына байланысты болмақ. Бұл орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты ғалымдар мен өнертапқыштарға, IT мамандарына нағыз пра­­г­матикалық, уақыт тамырын дөп басқан Жолдауда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыратын 4 бағытты көрсетіп берді. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
         Аймақта "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы мен "Smart city" тұжырымдамасы аясында 2018 жылы 29 жоба жүзеге асырылды.      
          «Ақылды басқару» пилоттық жобасы бойынша Қызылорда қаласының барлық 54 мектебі 100% жоғары жылдамдықты интернетпен, роутерлермен қамтылып, Wi-Fi арқылы интернет желісіне қосылған. "Күнделік" электрондық журналымен жұмыс істейтін планшеттермен, компьютерлермен  қамтамасыз етілді. Негізгі және орта мектептердің 30% робототехника кабинеттері енгізілді, Оқушылар сарайына 3D зертханалар сатып алынды, 12 инновациялық кабинет ашылды. Барлық 245 мектепке дейінгі балалар мекемесі "Электрондық балабақша" автоматтандырылған жүйесіне қосылды.
         Алқаланың барлық денсаулық сақтау мекемелері жоғары жылдамдықты интернетпен, компьютерлік техникамен 100%қамтылған. КМИС, "ДамуМед", "Көмек" ақпараттық жүйелері енгізіліп, пациенттерді тіркеу электронды түрде жүргізілуде. Медициналық құжаттаманың 94 нысаны (121-ден) электрондық форматқа ауыстырылды. Санитарлық автокөліктің 100% GPS-мониторингіне қосылған. Нәтижесінде: келу уақыты 11-ден 9-8 минутқа дейін қысқарды. "Патронаждық медбике" және "ерте жастағы балаларды күту" мобильдік қосымшаларын енгізгеннен кейін үйде сәби өлімі тіркелмеген, балалардың жарақаттану көрсеткіші 31,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ 15 медициналық ұйым телемедициналық компьютер, цифрлаушы және деректерді беру құралдарымен жабдықталған  Жыл қорытындысы бойынша телемедицина арқылы көрсетілген кеңес саны екі мыңнан асты. Кезекте күту уақытын қысқарту мақсатында 16 медициналық ұйым электрондық жазбалар мен электрондық кезектерге арналған жабдықтармен жабдықталған.
         Цифрландыру қарапайым тұрғындардың да тұрмысын жеңілдетті. Мәселен, Қызылорда қаласының 85 мың тұтынушысы коммуналдық қызметтердің "Бірыңғай төлем құжатымен" қамтылған. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 388 кіре-берісіне бейнебақылау камералары орнатылды.
          "Е-қылмыстық іс" жүйесімен жұмыс істеу үшін 92 жұмыс орны автоматтандырылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай Тізілімімен жұмыс істеу үшін 117 планшет пайдаланылып, мамандар жұмысы оңтайландырылды. Қызылорда қаласында "112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі" пилоттық жобасы енгізілді.Жоба аясында облыстың барлық жедел қызметтері: өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), Жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112) қысқа нөміріне біріктірілді.
            Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында мобильді қосымшасы бар http://www.agrosauda.kz  сайты құрылды. Сайтта 2018 жылы 1100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркеліп, 280 хабарландыру жарияланған. Жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметтер автоматтандырылды. Бұған дейін тұрғындардың көп уақытын алатын нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігін анықтау жұмыстары тез жүзеге асатын болды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ-нің барлық қызметтері кезең-кезеңмен электрондық форматқа көшірілмек.  
         2018 жылы аймақтың ІТ саласын дамыту, Стартап жобаларды, бірегей шығармашылық идеялар мен зияткерлік ресурстарды іске асыру мақсатында облыстың ІТ паркі құрылды.   Геоақпараттық қызмет көрсету бойынша,рұқсат беру құжатын алу 5-тен 3 күнге дейін қысқарту мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында коммуналдық қызметтерді қосуға техникалық шарттарды беру бойынша (gis.orda.gov.kz) геоақпараттық онлайн сервис іске қосылды.    Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейін 78,5% - ға дейін арттыру мақсатында 2018 жылы 50 583 облыс тұрғындары оның ішінде базалық цифрлық дағдылар – 9 710, электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер – 20 439, Азаматтарға арналған "Ашық үкімет" – 17 850, электрондық сауда 2 584 адам оқыды.
SMART CITY 11 БАҒЫТ
Биылғы «Smart city» тұжырымдамасының 11 бағыты бойынша 28 жоба іске асырылуда. Біз цифрлық сауаттылықты дамытып, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыра отырып, халықты цифрлық экономикаға жаппай тартуымыз керек. Цифрлық экономикаға көшкен кезде білім беру инфрақұрылымын жаңа қажеттіліктерге бейімдей алған мемлекеттер ғана экономикалық ұстанымын барынша бекемдей алады.
Орта және кәсіптік-техникалық білім беру қызметтерін автоматтандыру бойынша: мектептерге қабылдау композиттік электрондық қызметтер, жеңілдікпен тамақтану, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау қызметін «Incraft»серіктестігі көрсетуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін білім беру саласында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ақпараттық жүйесі де жасалды. Кәсіптік және техникалық білім беру барысында 7 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылды. Орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бейнекамераларымен қамтамасыз ету үшін 28 мектепте камералардың техникалық сипаттамалары жасалуда.
Денсаулық сақтау саласында ірі үш жоба қолға алынды. «ДАМУ-Мед» мобильдік қосымшасы «Ауруларды басқару бағдарламасы» функциясымен жетілдірілді. Сонымен қатар 10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту, медициналық ұйымдарда құрылғыларды цифрландыру және PACS түсірілімдерді архивтеу жүйесін енгізу жоспарлануда. Медициналық ұйымдарды «қағазсыз құжат айналымына» көшіру бойынша бүгінгі күні 121 құжаттың 114-і (95%) электрондық форматқа ауыстырылды.
Цифрландырудан көлік  саласы да кенже қалып отырған жоқ. Бұл салада да ірі  3 жоба іске қосылуда. Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін енгізу, «Аялдамаларға ақпараттық тақтайша орнату», «Ақылды жаяу жүргіншілер жолы» жоба шартын жасау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласының Жедел бақылау орталығында бейнекамералар орнату жобасы уақытша тоқтатылды. Жол қауіпсіздік ережесін бұзушылықты тіркеудің 31 автоматтандырылған жүйесін орнату, жаңғырту және қызмет көрсету бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» қызметіне конкурс жарияланды. «Е-қылмыстық іс» жобасы бойынша 24 автоматтандырылған жұмыс орнын сатып алуға қаражат сұралуда.
 «Smart квартал» есептеу құралдарымен жабдықтау мақсатында  170 көп қабатты үй анықталып, техникалық ерекшелігі әзірленуде. Барлық салалар мен үрдістердің ерте ме, кеш пе цифрлық түрленуге ұшырайтынын бизнестегі қауым жақсы түсіну керек. Компаниялардың бәсекеге қабілеті цифрлану деңгейімен айқындалатын уақыт алыс емес. «Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруды жаңғырту» жобасы2019-2020 жылдары жүзеге асырылмақ. «Өңірлік геоақпараттық жүйесі», «Ақмая ақылды фермасы» жобалары жүзеге асуда. Көкөніс өсіретін заманауи автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені салынды.«Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есептеудің бірыңғай жүйесін (e-HR)» енгізу жұмыстары жүргізілуде.
 «Smart Қызылорда» мобильдік қосымшасы, «109», «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» жобалары дайындалуда. Сонымен қатар 14-35 жас аралығындағы жастарды бағдарламалаудың базалық дағдыларына оқыту мақсатында 6 айлық жоба бар. Онда 72 сағат онлайн сабақ және 24 «meetup»- Қазақстан мен Ресейдің дамыған ІТ компаниялары өкілдерінің  баяндамалары жоспарланған. Жобаның құрамдас бөлігі кәсіпкерліктің базалық дағдыларына оқыту. Облыстың 77 мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мақсатында жұмыстар істелуде.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін 192 қызметтің 99-ы (51,5%) электронды форматта көрсетілуде. 2019 жылы 80% автоматтандырылуы тиіс. Білім саласында көрсетілетін 13 қызметтің 1-уі «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызметібүгінгі күні «SITZEN» ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған. Қалған қызметтерді автоматтандыруға қатысты тиісті мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп, автоматтандырылуға қажетті қаржысы нақтылануда. Жер қойнауын пайдалану, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс, сәулет және қалақұрылыс  саласындағы көрсетілетін 3 қызмет орталық атқарушы органдармен автоматтандырылатын болады.
Бүгінгі күні цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналып отыр. Цифрландыру ел экономикасының болмысын түбегейлі өзгертіп, еңбек өнімділігінің артуы мен өмір сапасының жақсаруына зор ықпалын тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Соған қарай коммуникациялар мен ақпараттық жүйелерге және көрсетілетін қызметтерге жаңа талаптар қойылуда. Серпінді дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттер цифрлық экономиканы дамытуға белсенді түрде басымдық беруде. Бұл – жаһандық күн тәртібінің аса маңызды бағыты.
Сәбит ИБАДУЛЛА,
Қызылорда облысы цифрлық
технологиялар басқармасының
 «Ақпараттық технологиялар орталығы»
мемлекеттік мекемесінің директоры
06 шілде 2019 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031