» » Ерекше жұлдыз – жорамал

Ерекше жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Аптада өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Өткенді артқа тастап, барлығын ұмытуға тырысасыз. Сізді көп өзгеріс күтіп тұр. Ең алдымен өзіңізге не қажет екенін айқындап алыңыз. Сонда ғана қайта қателікке бой алдырмайсыз.
Торпақ
Табысыңыз артады. Бірақ бұл айлық жалақыңызға еш қатысы жоқ. Яғни, сіз қосымша табыс табатын боласыз. Жол сапарға шығыңыз, сонда сіздің үй шаруасынан жұмыстан шаршағаныңыз басылады.
Егіз
Достардың арқасында үмітіңіз ақталады. Серіктестермен бірігіп жұмыс істеу өз пайдасын әкеледі. Өз күшіңізге сеніп, өзіңізді жоғары бағалаудан сақтаныңыз. Бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіруі мүмкін.
Шаян
Бұрын атқарған жұмыстың жемісін көресіз. Үй салу немесе отбасын құруды жоспарласаңыз, барлығына мұқият болыңыз. Мақсатқа жетуге нық қадам бассаңыз, өзгелердің қызғанышын тудыратындай әрекет етпеңіз.
Арыстан
Кәсіби тұрғыда біліктілігіңіз артады. Жұмыста өз құзыретіңізді толық пайдаланасыз. Тіл табыса алмай жүрген адаммен ымыраға келесіз. Өзіңіз ақылға қонымды мінез-құлық танытсаңыз, әркез жолыңыз болады.
Бикеш
Жұмысыңыз бірқалыпты. Жақындармен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жоспарланған барлық істі атқаруға мүмкіндігіңіз артады. Әріптесіңізбен қарым-қатынасты бұзып алмаңыз.
Таразы
Өз ісіңізге мығымсыз. Сондықтан жұмыста қысқарып қаламын деген ойдан аулақ болыңыз. Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Сарышаян
Арманыңызға жетуге бірнеше ғана қадам қалды. Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдаған жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Мерген
Болмашыға бола мазаңызды қашырғыңыз келмейді. Алайда барлығы сіз қалағандай болмайтыны анық. Көңіл-күйіңіздің жоқтығынан жаныңыздағыларды ренжітіп алмаңыз. Аптада отбасыңыздың жанында болыңыз.
Тауешкі
Мақсатқа жетуге деген құлшыныстың, еңбекқорлықтың арқасында көп жетістікке жетесіз. Материалдық жағдайыңыз жақсарады. Сондықтан қайырымдылықпен айналысқан жөн.
Суқұйғыш
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, аптада тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.
Балық
Қосымша табыс тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Маңызды шаруаға білек сыбана кірісіңіз. Тез шешім қабылдауға тырысыңыз. Апта көп еңбектенуді қажет.
06 шілде 2019 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 70
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031