» » Журналистер жүлдесі

Журналистер жүлдесі

  Өткен аптада қызылордалық қаламгерлер кәсіби мереке қарсаңында шаһардағы 278 орта мектепте шағын футболдан сынға түсті. Қалам мен қағазды бір сәт доп пен алаңға айырбастаған журналистер жарыстың көркін қыздырды. Халық пен биліктің алтын көпірі саналатын мамандық иелері спорттан да бейхабар емесін байқатты. Жарысқа 6 команда топтасып, қала әкімінің бас бәйгесін сарапқа салды. А тобында "Qyzylorda", "Қаламгер", "Қоғам ТВ" командалары шеберлік байқасса, В тобында "Сыр Медиа", "Жас тілшілер" және "Меншікті тілшілер" топтасып, жартылай финал жолдамасына талас жүргізді. Алғашқы топтан "Qyzylorda" және "Қаламгер" В тобынан "Жас тілшілер мен "Сыр Медиа" командалары ақтық сынға тайталасты. Тартысты өткен турнирде «Qyzylorda» телеарнасының командасы бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын «Жас тілшілерге» бұйырды. Үздік үштіктен  «Сыр Медиа» ЖШС командасы көрінді. Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен – Елдос Жүсіп, «Үздік қақпашы» – Жомарт Бакарамов, «Үздік шабуылшы» – Әділбек Жақанов, «Үздік ойыншы» – Нұрлыбек Нұрмаханов марапатталды.
06 шілде 2019 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031