» » "Кім ойлаған?": Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі өзіне сатқындық жасағаны жайлы

"Кім ойлаған?": Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі өзіне сатқындық жасағаны жайлы

  Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің опасыздығы туралы жайып салды. Ол 11 мәрте ЭКО жасатып, ұлын дүниеге әкелген шағында жолдасы өзіне сатқындық жасағанын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тележүргізуші жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісіп, бірінші некесінің шайқалуына не себеп болғанын жеткізді. Ақпарат өкілі Instagram парақшасында жазба қалдырып, бар шындықты баяндаған.
"Тұтқиылдан келген жау болса, мейлі, ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес, білемін! Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім. Әмбе-әулиелерді аралап,ем іздеп, дәрігерден дәрігер тауып, аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім.
Сол орталықтарды жағалап жүріп, мен небір оқиғаларға куә болдым. Бұл өмірде бәрі де мүмкін! Мен, кезінде қызын қорып, "оқуды ғана біл!" деп өсіріп,аяғында "немерелі болғымыз келеді"деп, отырып қалған кәрі қызын дәрігерге жетектеп, "ішіне бірдеңе салып бер" деп келген шал-кемпірді көрдім,баласымен жасты ұлмен қолтықтасып анализ тапсырып жүрген келіншектерді көрдім, жап-жас қыздың қасынан мосқал тартқан шалды көрдім. Ешкімді айыптамаймын. Бұл-өмір.
Журналист болған соң бәрін көресің. Көресің де,ой түйесін. ЭКО - тәсіл ғана! Ал,қалғаны бір Алланың қолында. Оны дәрігерлер де мойындайды. Табиғаттағыдай бала бірден бойыға қона салмайды. Бір емес,бірнеше рет жасалуы мүмкін. Болмай қалса, психологиялық соққы. Содан соң жиналып алып,қайта тұрып,бәрін басынан бастау!
Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу. Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым! Қазір ойлансам, ақылға қонбайтын жанкештілік!Көзсіздік! Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған" , - деп жазды Дана Нұржігіт.
Айта кетейік, тележүргізуші бірінші күйеуінен ажырасып, 2017 жылы екінші мәрте тұрмыс құрды. Ол шымкенттік кәсіпкермен шаңырақ көтерген.
09 шілде 2019 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031