» » "7 мың теңгеге ән салдым": Нұрлан Еспанов тойға шыққаны үшін қанша гонорар сұрайтынын айтты

"7 мың теңгеге ән салдым": Нұрлан Еспанов тойға шыққаны үшін қанша гонорар сұрайтынын айтты

Аузын ашса, жүрегі көрінетін Нұрлан Еспанов тегін тойға жиі барады екен. Тіпті, мүлдем танымайтын адамдардың да тойында ақысыз қызмет еткен кездері көп болған. Бұл жұлдыз туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

«Той – қазақтың қазынасы ғой. Қазақтың тойы бітпесін деп тілеймін. Той болса, біздің жұмысымыз да бар. Жұмыс болса – ақша, ақша болса – құлағымызға тыныштық та бар деп әзілдейтінім рас. Енді ол да шындық қой», - деп әңгімесін алыстан бастаған Нұрекеңнің тұрақты гонорары жоқ. 
Әнші той иелерінің жағдайына қарап, көп жағдайда еңбекақысын ортақ келісіммен белгілейді. 
«Қазір менің гонорарым мынадай деп шіреніп тұратын заман емес. Айналамызда кризис. Көп адам тойды кредит алып жасайды. Оның бәрін ескеріп, хабарласқан той иелерінің жағдайларымен санасатынымыз рас» деп ағынан жарылды. 
Тіпті, кейде шын жүректен шақырған жандардың тойына тегін барып, 2-3 ән айтып береді екен. Ал, кейде аңқылдап жүріп алданып та қалатын кездері болған. 
«Бір оқиға есіме түсіп отыр. Бірде аяқ киім алуға Адемге барған едім. Аяқ киім таңдап бутикке кірсем, сатушы жігіт бірден таныды. Ұнаған аяқ киіміме жеңілдік жасап сатты. Сосын «Аға, жақында тойым болады. Нөміріңізді бересіз бе? Хабарласып шақырсам деп едім» деген соң өзімнің жеке нөмірімді қалдырдым», - дейді ол. 
Көп ұзамай бейтаныс «крутой» нөмір Нұрекеңе хабарласыпты. 
«Нұреке, мен ғой ініңіз деп бір жігіт хабарласты. Мен де ұмытып қалған шығармын деп нақтылауға ұялып,  сөйлесе бердім.  Ол жігіт те «Аға, екі күннен соң тойым ғой. Ұмытып кетпеңіз. Мынадай мейрамханада күтеміз» деді. Екі күннен соң тойға бардым. Бәрі келіп суретке түсіп, құрмет көрсетіп жатыр. Бірақ мен ешкімді танымаймын. Тіпті, үйленіп жатқан жігіттің түрін таныс болса да, жақын танымайды екенмін. Қайда, қалай кездескеніміз де есімде жоқ», - деп сол сәтті күліп әнші еске түсірді. 
Көп ұзамай хабарласқан жігіт Нұрекеңе амандасуға келген. Сол кезде әнші жүзі таныс жігітті қайдан көргенін сұраған. «Аға, сіз менің бутигімнен аяқ киім алған едіңіз. Сізге 7 000 теңге скидка жасаған едім ғой дейді. Сонда ғана есіме түсті. Барған жерімнен теріс айналып кеткенім ұят қой. Сосын танымайтын болсам да, екі әнімді айтып, той иелерін құттықтап қайттым. Сол күні жанымда жүрген администраторым да, інілерім де, достарым да  «Бүгінгі гонорарыңыз 7 000 теңге болды»деп әзілдейді», - дейді әнші.  
Алайда Еспанов мырза ол күні болған оқиғаға да, мән-жайды анық түсіндірмеген той иесіне де еш ренжімеген. 
«Әрине, егер Нұреке жағдайым осылай болып тұр еді деп бәрін дұрыстап түсіндірсе де, тегін барар едім. Алайда, еш ренжіген жоқпын. Сол кісілердің ризашылығынан кейін несібем де көбейген шығар деп ойлаймын. Бірақ одан кейін ешкімге жеке нөмірімді бермейтін болдым. Тек көмекші директорым туған інім Ерланның нөмірін беремін. Ол бәрін сұрап, біліп, анықтайды. Бағасымен де өзі келіседі. Әріптестеріміздің ортасында «Рахмет той» деп айтамыз. Аптасына кемінде 2-3 рахмет тойға барамын», - деп үлкен жүктен құтылғанын айтып риза.  
09 шілде 2019 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930