» » Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

  Алдағы дүйсенбіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында «қарапайым заттар экономикасы» тақырыбы қаралады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тырысу керек. Нәтижесінде, мұның барлығы мемлекетіміздің экономикасына әсерін тигізеді. «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларына қатысты мақұлданған жобалар бойынша, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қарауында жатқан жобалар тұрғысында Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары жұмысы жақсы жолға қойған. Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы әзірге қалыс келе жатыр»,  - деді ол.
Осы орайда Үкімет басшысы аталған өңірлердің әкімдері тиісті шараларды атқару керектігін, яғни халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша қажетті қадамдарды іске асыруға екпін қою маңыздылығы атап өтілді.
«Бизнес қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту үшін жеңілдікті қаржыландыру шарттары өзгертіледі, пайыздық мөлшерлемесі алты пайызға дейін төмендетілді. Қарызды төлеудің жеңілдікті кезеңі енгізілді. Шығарылатын өнімнің 45 жаңа түрі қосылды. Қабылданған шаралар біршама компанияларға жеңілдікті қаржыландыру мүмкіндігін береді», - деді А. Мамин.
«Осы қарқынды одан әрі арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі мүдделі меморгандармен, Ұлттық банкпен, Қаржыгерлер қауымдастығымен және «Атамекен» палатасымен бірлесе айтылған ұсыныстарды ескере отырып, он күн мерзімде тиісті Үкімет шешімінің жобасын әзірлесін. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешені жобаларының айналым қаражатын толықтыру үшін субсидияларды ұлғайтуға қаражат бөлу мәселесін қарастырсын», - деп тапсырды Үкімет басшысы.
 Мұнымен қоса, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқарушы холдингтерге «қарапайым заттар экономикасының» салаларын дамытудың жол карталарына сәйкес, сатып алынатын отандық тауарлары мен қызметтерінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша КРI-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету жүктелді.
 «Келесі дүйсенбі күні Мемлекет басшысының төрағалығымен осы мәселе Үкімет отырысында қаралатын болады. Әкімдер есеп беруге дайын болуы керек. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытудың және жұмыспен қамтамасыз етудің маңызды құралы.  Жобалардың бәрі өңірлерде іске асырылады. Әкімдер бағдарламаны іске асыруға белсене атсалысып, жаңа жобаларды ұсынуы, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», - деді Үкімет басшысы.
09 шілде 2019 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031