» » СУДА САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

СУДА САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

Су айдындарындағы төтенше жағдайды болдырмау мақсатындағы рейд жалғасуда
Қызылорда облысында «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы 10-11 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43°С қатты ыстық болады деп хабарлады. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандары облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Күннің шамадан тыс ысуы көпшіліктің су айдындарына жиі барып демалуына себеп болып отыр. Белгіленбеген жерлерде суға шомылу салдарынан суға кету оқиғалары жиілеуіне сәйкес Қызылорда облысы ТЖД тарапынан үгіт-насихаттық жұмыстары мен рейдтер күн сайын өткізілуде. Осындай рейдтің біріне «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшілері де қатысты. 2019 жылдың 10 шілдесіндегі рейд кезінде Қызылорда облысы ТЖД мамандары қала суға түсуге белгіленбеген орындарда суға шомылып жатқан 64 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережесі жазылған жадынамаларды таратты. Сондай-ақ облыс бойынша 200-ден астам тұрғындарға үгіт-насихаттық жұмыстары жүргізілді. Осы рейдке Жастар ресурстық орталығының еріктілері де белсене қатысты.
2019 жылғы 10 шілдеде "Копэс", "ПМК-29", "Наурыз", "Сабалак", "Ягодка" саяжайларында, "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" трассасында Сырдария өзені маңында, "Мерей", "Рисмаш", "Тасбөгет", "Белкөл" шағын аудандарында, Халыққа қызмет көрсету орталығы, "Водозабор", Мичурин көшесі, "Сталинский канал" каналының ауданында, "Р-1" канал шлюздері маңында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысы ТЖД
11 шілде 2019 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031