» » САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ АЛҒАШ РЕТ АТАЛЫП ӨТТІ

САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ АЛҒАШ РЕТ АТАЛЫП ӨТТІ


Қызылорда облысында тұңғыш рет Үкіметтің қаулысына сәйкес ресми түрде белгіленген Су шаруашылығы қызметкерлері күніатап өтілді. Мерекелік шараға Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының делегациялары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтың су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
"Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында, Кіші Арал теңізін сақтап қалдық. Бүгінде күн көрісі ауыл шаруашылығы өндірісіне, яғни суармалы суға тікелей байланысты ауылдағы ағайынның арман-тілегін орындау мақсатында су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыста 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Соңғы 4 жылда ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 60 су ұңғымасы іске қосылды. Облыс орталығы – Қызылорда қаласы 2015 жылдан бастап толығымен жерасты су қорын пайдалануға көшті",-деді аймақ басшысының орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында қабылданған Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласы, оның ішінде су шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру қарастырылған. Атап айтқанда, Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар.
Сондай-ақ, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу көзделген, нәтижесінде оның апаттылық мәселесі шешілетін болады.
Бұдан басқа, Кешенді жоспар аясында "Қүміскеткен" және "Қараөзек" су қоймалары салынады, бұл суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға және суармалы су қорының 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді.
2018 жылы елдімекендерді сумен қамтамасыз ету және көлдерді суландыру үшін облыстық бюджеттен 426,8 млн. теңге бөлінді, 6 канал (Арал ауданы Ақирек ауылындағы "Басықара" каналы, Бөген ауылындағы "Балғабай", "Бекетай", "Стан"каналдары, Райым ауылдық округіндегі "Бесжарма", Қармақшы ауданындағы "Балажарма" каналы) тазартылып, (Қызылорда қаласының Бірқазан мен Талсуат ауылдық округтері,  Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық округіне) 3 сорғы құрылғылары алынды. Соның нәтижесінде, елдімекендер суармалы сумен қамтамасыз етілген, 180 га көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге, Арал ауданының Тұщы-1, Тұщы-2, Қаракөл көлдерін суландыруғамүмкіндік туды.
Мемлекет басшысының суармалы жерлерді айналымға енгізу және қалпына келтіру туралы тапсырмасына сәйкес облыста жалпы құны 164,2 млрд.теңге болатын 3 жобаны іске асыру бойынша 158 мың га суармалы жерді қалпына келтіру, 29 мың га пайдаланылмайтын жерді айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Үкіметтің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тағы 96 мың гектар жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Жалпы, суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға жеткізу міндеті қойылған.
Шара барысында бірқатар ардагерлер мен су шаруашылығы қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ,  Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі Нариман Қыпшақбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара концерттік бағдарлама
мен жалғасты.
12 шілде 2019 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031