» » Желіде хит болған "Шала-ла" әнін айтатын зағип жігіт туралы тың дерек (видео)

Желіде хит болған "Шала-ла" әнін айтатын зағип жігіт туралы тың дерек (видео)

  Қытайда тұратын зағип қазақ жігітінің ән айтып отырған видеосы ғаламтор кеңістігінде тарап, оны азғантай уақыт аралығында нағыз жұлдыз етті. Этникалық қазақтың өлең айту қабілеті мен ерекше даусын байқатқан әні қалың көпшілікке ұнап қалған. Жас жігіттің талантына тамсанғандар қатарында Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров та бар. Білім ордасының басшысы жас талант жайлы ақпарат іздеп, оның Қазақстаннан білім алуы үшін барынша тырысып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерде хит болған "Шала-ла" әнін орындайтын жігіттің есімі Жұмабек Мұқиятұлы болып шықты. Жасы 21-де. Анықталғандай, ол Шыңжаң автономиясы, Алтай аймағы, Бұршын ауданы, Оймуx ауылы, Ақтөбе деген жерде тұрып жатыр.
Асхат Маемиров өзінің Instagram парақшасында академия әкімшілігі зағип жігіттің әкесімен сөйлесіп жатқанын хабарлады. Олар елді таңдай қақтырған Жұмабектің Қазақстанннан білім алғанына қызығушылық танытуда.
"Көзі көрмесе де, көкірегі ояу, әнді шынайы жеткізген Қытайда тұратын қазақ бауырымыз Жұмабек Мұқиятұлының ерекше әуен иірімдері әдемі әзілмен астасқан "Ша-ла-ла" атты туындысы да, ешкімге ұқсамайтын орындау мәнері де ұнады!Жұмабектің Елге келіп, білім алуына қатысты ойларымыз бар. Көзі көрмесе де, Жаратқан ерекше талант берген, қарым-қабілетімен баршамызды тәнті еткен Жұмабектің болашағы туралы алдағы уақытта бөлісетін боламыз" , - деп жазды ректор.

16 шілде 2019 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Экономика

Бүгін – Еңбек күні

Бүгін – Еңбек күні

27 қыркүйек 2020 ж.
2000-ға жуық ағаш екті

2000-ға жуық ағаш екті

27 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930