ЖАЗАТАЙЫМ

  Темір тұлпар тізгіндеудің де бір өнер екенін естен шығармаған жөн. Бұл шайтан арба сияқты темірден жасалғанмен тұқымы бөлек қозғалыс түрі. Жылдамдықты арттырған сайын жүйткитін тұлпарларды қала көшелерінде жиі көзіміз шалады. Алайда көліктің тұлпарын тізгіндегенмен жүргізушінің өзі тұлпардай қайратты болмай шығады. Бұған біраз көшедегі жол кептелістері, ыңғайсыз қозғалыс себеп болды. Мәселе мүлде басқа да. Бұл уақыт аралығында көзіміз талайды шалады. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың  рұқсатсыз көлік жүргізуі. Қалааралық магистральдарда рөлге ие бола алмай қалатын кәсіби жүргізушілердің өздері бұндайға таңқала қарайды. Қалайша ата-ана балаға көлік мінгізеді. Кейбірі мектепті үздік аяқтағанына көлік сыйласа енді басқасы айтулы мерекені сылтау етеді. Байқап қарасаңыз, қала көшелерінде осыдан ондаған жылдар бұрын арнайы белгісі бар автокөлік мектебінің техникалары қаптап жүретін. Оларға барлығымыз қамқоршы көзбен қарайтын едік. Қазір олардың қарасы көрінбейді. Демек жол жүргізу құжатын сатып алып жатыр немесе ол құжат жүргізушілерде мүлде жоқ. Көпке топырақ шашу орынсыз. Десе де кейінгі кездегі тұлпар иелеріне сәл тәжірибе жетіспейді. Қыстыгүні осындай бір оқиға есімнен кетпейді. 28 желтоқсан күні Сүлейменов көшесінде 14 жасар бала көлікпен 22 жастағы қызды қағып кеткен.14 жаста көлік түгіл шайтан арбаны әрең меңгеруге болады екен. Бұл бассыздыққа қалайша жол берілгені жұмбақ. Осылайша жаңа жылдың табалдырығына жақын қалғанда бір отбасыны қан жылатқан оқиға болған. Оның үстіне зардап шектіруші тарап марқұмның ата-анасына келіп жыламауын айтқан. Қайдағы зұлмат соғысты еске алып мысалдаған. Алайда олардың баласы мен сол соғыстық кезең баласын салыстыруға келмейтінін білмеген болар. Қалайда болсын бұл жағдай енді қайталанбайды деген сеніммен көшеге бала-шағаны әрең шығаратын ата-аналар үрейі әлі басыла қойған жоқ.
Таң ата жұмысқа аттанарда немесе өз жақыныңызды шығарып салар алдында соңғы рет жүздесіп тұрғаныңызды сезбейсіз.
Дамир АМАНГЕЛДІ
16 шілде 2019 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31