» » МҰҒАЛІМ КӨП, ШЫН ҰСТАЗ АЗ

МҰҒАЛІМ КӨП, ШЫН ҰСТАЗ АЗ

Кез келген оқушыны білімнің асқар биігіне шығаратын тек қана білімді ұстаз екендігі даусыз. Мұғалім оқушыны сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай, өмірге де тәрбиелеп, жүрегінен жол табады. Сондықтан болар әр оқушының уақыт өте келе мақтанышпен еске алатын ұстазының болуы заңды құбылыс. Ұстаздық – ұлы іс.
«Ұстазды діңгекке теңер едім»,  ̶  деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин бабамыз айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Ол адалдық пен шыдамдылықты, тынымсыз ізденіс пен ептілікті, білімділік пен тәрбиелілікті қажет етеді. Сонда ғана ұстаз деген абыройлы атты иеленуге болады. Еліміздің әр түкпірінде ұстаздықты ұлы бақыт деп білетін  мұғалімдер адал еңбек етуде. Соның бірі Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық огругінің №138 А. Құнанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Әбілдаева Балжан Сағитқызы.
Мұғалім көп, шын ұстаз аз. Бұл – тұрақты аксиома. Кейде мұғалімдердің кейбірін тумысынан ұстаздыққа бейімі бар ма деп қаласыз, ал енді бірінің мамандығы мұғалім деген ой келеді. Алғашқысын туа біткен дарынды ұстаз десек, соңғысын тіршіліктің қарекетімен алынған диплом иесі деп сипаттама беруге болады. Балжан Сағитқызы өз мамандығына ерекше жауапкершілікпен қарай білетін – нағыз ұстаз. Ол бала күнінен мұғалім болуды армандады. «Бала кезімнен өзімнің анамның жанында жүріп те көп нәрсені үйрендім. Анам да бастауыш сынып мұғалімі болатын. Тіпті, кейде анаммен бірге мектепке барып, бірге қайтатынмын. Міне, содан болар ұстаздықты өз бойыма дарытқым келіп, анамның жолын жалғастыруды мақсат еттім»,  ̶  дейді ұлағатты ұстаз.
Осы орайда Боэцидің мына бір сөзі еске түседі: «Шәкірт болып жарытпаған адам ұстаз болып та жарытпайды». Ұстаздық – ұлы қызмет. Жігерлі, ұлтжанды Балжан Сағитқызы бос уақыты бола қалса, қазақ ақындары М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов өлеңдерін оқып, әсерлерін күнделігіне жазып отырады.
– Мектептегі оқушыларым өте тәрбиелі, болашағынан зор үміт күттіреді. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» деген. Қолымнан келгенше оқушыларыма жақсы тәлім-тәрбие беріп, болашақта білікті маман иесі атанса екен деймін. Міне, қазір «Қызықты математика» үйірмесінен балаларға есеп шығартып, логикалық тапсырмалар беріп шықтым. Олимпиадалық жарыстарға да қатысып тұрамыз,  ̶  дейді Балжан ұстаз.
Орыстың көрнекті педагогі, даңқты ұстаз К.Ушинскийдің: «Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өзіңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деген орамды ойы Балжан Сағитқызына арналғандай.
Дәулет БАҚЫТЖАНҰЛЫ
16 шілде 2019 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930