» » БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕС

БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕС

Қармақшылық Адалат Гайдарова отбасылық кәсіпті қолға алып, наубайхана ашты. Оған "Зейфира" деп немересенің есімін беріпті. Ашылғанына небәрі бір ай уақыт болған наубайханада үш адам жұмыс істейді.  Мұнда қытайлық аппараттың көмегімен бір мезетте 72 дана нан пісіреледі. Солай шағын ғана наубайханада күніне 150-200 нан дайындалады. Кәсіпті бастау үшін Кабира апаның келіні Луиза Гайдарова шағын несие бағдарламасы бойынша 3 млн теңге несие алып, наубайханаға қажетті құрал-саймандарды жинақтайды. Күніне пісірілетін 150-200 нан дүкенге таратылады, одан қалды ауылға жуық елді мекендер алып кетеді. Бүгінде III Интерноционал ауылынын тұрғындары "дүкенде нан таусылып қалыпты" демейді, тікелей наубайханадан ыстық және дәмді нанды кез келген уақытта ала алады. "Осы салада жүргеніме 15 жыл болды. Бұрын балабақшаның асханасында аспаз болып жұмыс істегенмін. Сондықтан бұл іс маған тансық емес. Алдымен қол пешпен далада нан пісірдік.  Осылайша жұмыс басталды. Сөйтіп кәсіпті үлкейту идеясы туындады. Әкімшілік қызметкерлері микрокредит бағдарламасын ұсынды. Келінім Луиза бағдарламамен танысып, тиімділігіне көз жүгіртті. Отбасылык кәсіпті келінім, күйеуім үшеуміз бірге істейміз. Арасында ұлым қолғабыс етеді", ‒ дейді наубайханашы Кабира.
  Пресс-тур барысында ең алғашқы бағытымыз Қармақшы ауданындағы Зейфираның наубайханасы болды. Жалпы III  интерноционал ауылында 2417 тұрғын бар. Ал бұл ауылда ашылған алғашқы нысан. Біз Кабира апайдың кәсібіне береке тілеп, әрі қарай сапарымызды жалғастырдық.
Мөлдір САБЫРЖАН
15 шілде 2019 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930