» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Жемқорларды ату жазасына қалай кесетінін көрдім

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жемқорларды ату жазасына қалай кесетінін көрдім

  Қасым-Жомарт Тоқаев 1988 жылдары Қытайда жемқорлардың өлім жазасына кесілгенін көрген. Бұл туралы ол ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Президент 2.0" деректі фильмінде мемлекет басшысы Қытай елінде оқып, жұмыс істеген жылдарын есіне алды. Тоқаевтың айтуы бойынша, сол кезде ол Қытайдың оңтүстігінде орналасқан қалаларда өлім жазасы қалай жүзеге асырылатынын көрген. 
"Мен өзім бір рет стадионда жемқорларды ату жазасына қалай кесетінін көрдім. Жағымсыз әсер. Көздері байланған адамдарды жүк көліктерімен алып келіп, тізерлетіп отырғызды. Қандай жазаға тартылатынын хабарлап, әрқайсысын желкесінен атты", — деді президент. 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың қылмыспен күресу әдісін еш сөкпейді.
"Егеролар мұндай жазаны жемқорлыққа ғана емес, ауыр қарақшылық шабуылдарға, зорлыққа, банк тонауға қарсы қолданбаса, елдегі жағдайды басқара алмайды", — деді мемлекет басшысы. 
Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аспан асты елінде жүріп, мемлекетті басқарудың қандай әдістерін үйренгенін айтып берді. Президенттің сөзнше, билік бірінші кезекте реформаларды ақырындап кіргізуге және оларды сәйкесінше деңгейде түсіндіруге мән беруі керек. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар қолға алынуы тиіс. Себебі, жемқорлық елді жойып жіберуі мүмкін. 
22 шілде 2019 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031