» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

  Тоқты
Бұл апта білім алу мен саяхаттау үшін таптырмас уақыт. Махаббат мәселесінде де жолыңыз болады. Жаңа істе айыңыз оңынан туып, сәттілік әкеледі. Алайда маңызды шешім қабылдамас бұрын алдын ала мол ақпарат жинап алған дұрыс.
Торпақ
Апта жұмысқа қатысты мәселені оңынан шешуге қолайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпасаңыз бәрі жақсы болады. Достарыңызбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады. Жалғыз жүрген жандар өмірлік жарын жолықтырады.
Егіз
Өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаңа біліммен, ерекше мотивациямен жетілдірген жөн. Жеке өміріңізде үлкен өзгеріс орын алғалы тұр. Осы аптада беделіңіз артып, мақсатқа жетесіз.
Шаян
Жаңа таныстықпен қатар шығармашылық байланысқа да қолайлы сәт туды. Достарыңыздың да жағдайын біліп қоюды естен шығармаңыз. Қаржы табу тәсіліңіз өзгереді. Аптада жағымды жаңалықтар еселене түседі.

Арыстан
Отбасылық қиындықта барлығы сізден көмек сұрауы мүмкін. Ешкімнің көңілін қалдырмаймын деп жүріп, өз істеріңіз кейінге қалып қоятынын ойлап көңіл түсірмеңіз. Біреуге жасаған жақсылығыңыз бүгін болмаса ертең еселеніп қайтатынын естен шығармаңыз.
Бикеш
Қаражатыңызды жоспарлап, орнымен жұмсауға талпыныңыз. Қызығушылығыңызды да ақылмен, оймен іске асырасыз. Айналаңыздағылар жоғары түсіністік танытады.
Таразы
Бұрын ата-анаңыз, туыстарыңыз қарсы болған істі енді қолға алып, жүзеге асыруыңыз мүмкін. Тәуекелге бармас бұрын ой-санаңызды іске қосып, жақсылап ойланыңыз. Жаңа білім алу жетістікке жетелейтінін ұмытпаңыз.
Сарышаян
Жеке өміріңізде сіз күтпеген қуанышты жаңалықтар көбейеді. Өміріңізге үлкен өзгеріс еніп, өзгелерді де бақытқа бөлейсіз. Қаржы жағынан жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз.
Мерген
Бұл апта біз үшін жаңа идеялар мезеті. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өзіңіздің орныңызды табуға көмектеседі.
Тауешкі
Алдағы сәттілік бойыңыздағы жалқаулық пен еріншектікті жеңе білуге көмектеседі. Достарыңыз бен жақындарыңызға қол ұшын созсаңыз, өзіңіз де қуанышқа кенелесіз. Болашағыңызға әсер ететін маңызды жаңалықты жіберіп алмаңыз.
Суқұйғыш
Бұл жолы шешімді дұрыс қабылдайсыз. Бірақ қателікті түзетуді ұмытпаңыз. Сіз өзіңізге және өзгеге сын көзбен қарай аласыз. Шешім қабылдауда ақылдасқан жөн, бірақ соңғы шешімді өзіңіз айтуыңыз керек.
Балық
Жұмыс пен жеке өміріңізді қатар алып жүріңіз. Біріне артық, біріне кем қарауға болмайды, екеуі де өміріңіздің ажырамас бөлшегі болғандықтан, екеуіне бірдей уақыт бөліп, бәріне үлгеруге тырысыңыз. Аптада жағымды жаңалықтар көп болмақ.
25 шілде 2019 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930