» » КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН "АНС"

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН "АНС"

  Бірде Қармақшыға жол түсті. Кенет досымның көлігі бұзылды. Таныс-тамырға хабарласып, көлік жөндейтін орталықты сұрастырдық. Олар "АНС" атты сапалы қызмет көрсету орталығына жүгінуге кеңес берді. Көлік жөндеу орталығына жеткен кезде бізді Бақытжан Нұрмағанбетов есімді шебер күтіп алды. Ол өз ісіне білікті маман екен. Көлікті әп-сәтте жөндеп берді. Небәрі жарты сағат уақытта шеберді әңгімеге тарттық. Көбіне қандай көлік бұзылатынын да сұрадық.
– Техника болған соң істен шығатын жерлері болады. Біздің басты мақсатымыз –тұтынушылар көңілінен шығу. Көліктің түр-түрін жөндейміз. Әрлеу жұмыстарын да жүргіземіз. Дөңгелекке жел беру қызметін де көрсетеміз. Қажеттілік туындаса көлікті бір күнге алып қаламыз. Жұмыс уақытымыз таңғы 8-ден кешкі 22-00-ге дейін. Демалысты өзімізге қажетті күні аламыз. Бойдақ болғандықтан демалыссыз жұмыс істегеннің қиындығы сезілмейді. Есесіне жалақымыз уақытылы беріледі. Көлік жөндеу орталығында жұмыс істейтін достарым "жалақымды әлі алмадым" деп жүреді. Ал бізде оған қатысты мәселе туындаған емес, – дейді шебер.
"АНС" атты орталық Бауыржан Алпысбайұлы есімді кәсіпкерге тиесілі. "АНС" деп ата-анасының құрметіне арнайы қойған екен. Жас кәсіпкер "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие алған. Бүгінде 4 қармақшылықты тұрақты жұмыспен қамтыды. Бала күнінен техника тілін меңгерген маманның ісі ілкімді.
Бауыржан Алпысбайұлының жұмысқа қабылдар кездегі басты талабы – өз ісін жетік меңгерген маманды ғана қабылдауында болды. Есесіне бүгін жөнделген көлік ертесі қайтара бұзылмайды. Қазіргі таңда жігіттердің көбі көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді. Өзіңіге де белгілі көлік жөндеу оңай шаруа емес. Дегенмен жұмыстың қыр-сырын білетін маман ғана "АНС" орталығында жұмыс істей алады. Бұл қожайынның қатал талабы. Есесіне аудандағы аса күрделі деген жүйелі жөндеулерді жүргізеді.
 Көлік тізгінін ұстаған бойжеткендер қатары артты. Бүгінде ТЖО қызметіне жиі келушілер тізімін де бойжеткендер арттырып отыр. Қыздар көлікті айдап, қажетті жеріне барып жүргенімен көлікті бүге-шүгесіне дейін білмейді. Иә, бұл сөзімізді кейіпкеріміз де растады. "Келуші қыздар көп. Jeep, mersedes, lexus сынды көліктерді тізгіндегенімен олардың тілін түсінбей жатады. Біз бұзылған жерін жөндеп береміз. Ыңғайы келсе түсіндіріп айтамыз. Көліктің бұзылмағанын қаласа қатты жүрмеу керегін ескертеміз" – дейді Бақытжан Нұрмағанбетов бізбен әңгімесінде.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
25 шілде 2019 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930