» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА 13 АЗАМАТ ҚАТЫСҚАН

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА 13 АЗАМАТ ҚАТЫСҚАН

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы мен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бердібаев Ерлан Құлахметұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау қалалық сәулет және қалақұрылысы, құрылыс, жер қатынастары, ауылшаруашылығы және ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері орналасқан ғимараттың кіреберіс фойесінде ұйымдастырылып, сала басшылары мен жауапты мамандары да қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында Департамент басшысы А.Мұхимов пен қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаевқа тұрғындар өтініштерін айтып, сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қабылдауда 13 азамат болды. Олардың 6-уы жер мәселесіне, 5-уі тұрғын үй мәселесіне және 2-уі ауылшаруашылығына қатысты өтініштерін білдірді. Бірқатар азаматтарға қабылдау барысында заңға сәйкес түсіндірме берілсе, бірқатырының мәселелері бойынша заңға шешім қабылданатыны жеткізді.
30 шілде 2019 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031