» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘЙЕЛДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘЙЕЛДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Қазақстандағы «БҰҰ – Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич ханыммен кездесті. Кездесуде Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ағымдағы жобалары, оларды іске асыру, гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері талқыланды. Сондайақ гендерлік теңгерімге қол жеткізу және елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне әйелдердің белсенді қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері көтерілді.
Анар Жаилғанова елімізде гендерлік-бағдарланған кадрлық саясат жүргізіліп жатқандығы, барлық деңгейде қызмет бойынша алға жылжу үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасалғанын, стереотиптерді еңсеру мақсатында гендерлік ағарту іске асырылатынын атап өтті.
«Елбасы саясатын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, гендерлік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, сондай-ақ олардың барлық деңгейлерде және корпоративтік секторда мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі таңда әйелдер шешім қабылдаудың жоғары деңгейінде - Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясы, өңірлердегі әкімдердің орынбасарлары лауазымдарында және мемлекеттік басқарудың барлық сатыларында қызмет атқарады», – деп атап өтті Төраға.
Илейн Конкиевич олардың жыныстық тиістілігіне қарамастан, азаматтардың ресурстары мен мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдау қажеттілігін атап өтті.
 «Агенттікпен әйелдерді көшбасшылық қасиеттерге оқыту бойынша шаралар қабылдауда, декреттен жұмысқа шығу, қашықтықтан жұмыс мүмкіндіктері қарастырылуда, жұмыс уақытының икемді кестесі енгізілді, әкелер үшін баланы күту бойынша демалыстарды дәріптеуге жеке назар аударылуда», - деп атап өтті А.Жаилғанова.
Тараптар мақсаттарды, міндеттерді және мақсатты индикаторларға қол жеткізуді айқындай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдер және ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық туралы келісті.
31 шілде 2019 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031