» » ТЕРЕЗЕДЕН ТҮСІП ТІНТІГЕН

ТЕРЕЗЕДЕН ТҮСІП ТІНТІГЕН

Шілденің 29-ы күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне  облыс орталығындағы үйлердің бірінде ұрлық болғандығы жайында хабарлама келіп түсті. Белгісіз адам үйдің кіре беріс бөлмесіндегі пластик терезесін күштеп ашып, жатын бөлмеде тұрған 1 дана аңшы мылтығын, 14 дана оқтарын, шкаф ішінде тұрған күміс бұйымдары мен әшекейлерді, киім- кешектерін жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлердің тез арада жүргізген жедел әрекеттері нәтижесінде ізін суытпай бірнеше сағат ішінде күдікті азамат ұсталып, ұрланған заттар айғақ ретінде алынды.
Оқиға бойынша Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлігімен Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Құрықталған 25 жастағы күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
01 тамыз 2019 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031