» » ЧЕМПИОНДЫ ЖЕРЛЕСТЕРІ КҮТІП АЛДЫ

ЧЕМПИОНДЫ ЖЕРЛЕСТЕРІ КҮТІП АЛДЫ

Бүгін Жалағаш жастары Азия чемпионы Тынарбай Тілегенді күтіп алды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов ауданнан шыққан чемпионды құттықтап, алдағы додаларда топ жаруына тілектестігін білдірді. Тынарбай Тілеген Жақыпбекұлы - №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірті. 2019 жылдың 27-30 шілде аралығында Тайвань мемлекетінің астанасы Тайбэй қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, 66 кг салмақта жеңімпаз атанды. Биылғы жылдың өзінде-ақ бірнеше мәрте әлемдік додаларда топ жарып, жеңімпаз атанған. Шілде айының басында Қытайдың Макао қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Азия кубогының 73 кг салмақта күміс жүлдегері атанған болатын. Сәуір айында Алматы қаласында өткен Б.Махмудовтың жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнирдің 73 кг салмақта жеңімпазы. Наурыз айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен дзюдодан кадеттер арасындағы Азия кубогының 66 кг салмақта жеңімпазы. Ақпан айында Тараз қаласында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында 66 кг салмақта жеңімпаз атанған. Тілегеннің жаттықтырушылары - Қызылорда облысының жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Молдаханов Арман Қасқырбекұлы, Калменов Өмірбек Садықұлы, Есенов Жайдарбай Мырзабекұлы.
01 тамыз 2019 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031