» » 342 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ТӘРТІП БҰЗҒАН

342 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ТӘРТІП БҰЗҒАН

Қызылорда облысында 6 айда 342 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифингте мәлімдеді.Тәртіпбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда азайған дейді мамандар. 
«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен 332 іс-шара ұйымдастырдық. Шаралар барысында қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған Әдеп кодексінің қойын кітапшалары таратылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілермен жасалған заңбұзушылықтардың санының азаюына әсер етуде», - деді Берікбол Байхожаев
01 тамыз 2019 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031