» » "ШВЕЦИЯ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫ" САЙРАГҮЛ САУЫТБАЙ

"ШВЕЦИЯ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫ" САЙРАГҮЛ САУЫТБАЙ


Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа Швецияға жетіп, құжаттарын рәсімдеп жатқанын айтты. Сауытбайдың сөзінше, қазіргі мақсаты - Швеция азаматтығын алу.
- Осы күнге дейін біз Қазақстаннан үмітімізді үзбеген болатынбыз. Ендігі мақсатымыз – Швеция елінің азаматтығын алып, Қытайдың қаупінен толық арылып, балаларымды жақсы оқытып, келешекте өз отанына барып, халқы үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Швеция мемлекеті бізді өте жылы қабылдады. Бұл жерде заң кемелденген, жұмыстар жақсы атқарылады екен. Біздің барлық жағдайымызды толығымен жасап берді, - деді ол Азаттыққа.
 Сайрагүл Сауытбайдың айтуынша, құжаттарды рәсімдеуге Швецияның мемлекеттік қызметкерлері көмектесіп жатыр.
Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған соң, 3 маусымда отбасымен бірге Швецияға кеткен.
2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында "Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды алты айға бас бостандығынан айыруға үкім етіп, бірақ жазасын "жеңілдететін ерекше жағдайына" байланысты шартты жазаға алмастырған. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.
Сотқа қатысқан Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортациялауды талап еткен.
Сайрагүл Сауытбайдың босқын мәртебесін беруді сұраған арызын қараған Алматы облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беру» жөніндегі комиссия оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан еді. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Талап арыз бойынша сот әлі жалғасып жатыр. Ақпарат көзі: Азаттық
01 тамыз 2019 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

Есебіңе түгел бол!

Есебіңе түгел бол!

23 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031