» » Депутат кінәлі болып шықты

Депутат кінәлі болып шықты

Емдік қасиеті көп Алакөлге лас судың құйылғаны желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ашуын келтірді. Судың қайдан шыққаны енді белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қонақ үй қызметкерлері адамдар шомылған бассейн суын көлге ағызып отырған. Көлге судың Ақши жақтан келгені анықталды. Қонақ үй иесі қалалық мәслихатының депутаты болып шықты. 
Ол судың көлден алынатынын, көпшілік шомылған соң қайта көлге құйылатынын айтты. Ешқандай химиялық зат қосылмағандықтан, зиянсыз деп сендірді. 
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ешқандай қауіп жоқ екенін, судың кәріз суы емес, бассейн суы екенін айтты. Оқиға орнына комитеттің мамандары барып, тексеру жүргізбек. 
Бұған дейін желі қолданушылары судың жағымсыз иіс екенін айтып даурыққан еді. Көлге құйылған құбыр суы жұрттың наразылығын тудырды
02 тамыз 2019 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031