» » «ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ


"Жас кәсіпкер" жобасы – жұмыссыз жастар санын азайтуға таптырмас мүмкіндік. Егер білім алған 537 жастың жартысы өз жұмысын бастап кетсе және жұмысқа адам алса, пайдалы болды деген сөз.
Қызылордада 24 шілдеден бастап жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқу басталып, оқудың бірінші тобында қала, аудан бойынша 537 жас білім алса, 22-23 шілде күндері өткен іріктеу сынағына  537 жас қатысып, барлығы оқуға жолдама алған. Осы жылы жоба аясында аймақтың 1000 жасын оқыту жоспарлануда. Бірінші лекте 537 жас оқып жатқан болса, екінші лек жұмысы тамыз айында басталады. «Жас кәсіпкер» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы жас отбасы мүшелері, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Студенттер жобаның қатысушысы бола алмайды.
Айта кету керек, жобаға қатыспас бұрын жастар алдын ала тест тапсырады. Жалпы 100 балдан ең кемі 55 балл жинау қажет. Жобаға қатысуға мүмкіндік алған азаматтар 3 апталық – 21 күндік оқу курсына қатысады. Жобаға қатысушыға сертификат алғаннан кейін 19273 теңге бір реттік шәкіртақы төленеді. Жоба барысында жастарды арнайы конкурс арқылы  анықталған бизнес-тренерлер оқытула. Оқу бағдарламасында кәсіпкерлік негіздерімен бірге білім алушы бизнес-жоспарын жасап шығады. Әрі болашақ кәсіппен айналысушыларға арнайы психологтар да көмек көрсетеді. Сондай-ақ жобасын сәтті қорғаған жастардың сертификаты 2 жылға жарайды. Осы уақыт аралығында жобаға қатысушылар 6,5 жылға 6 пайызбен 8000 АЕК (20 млн.200 мың) теңгеге дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие ала алады.
«Жас кәсіпкерге» қатысушы жобасына жеңілдетілген несие алу үшін бизнес-жоспар, оқуды аяқтағандығы туралы сертификат, кепіл мүлкі және өзге де қаржыландырушы банкке қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс. «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылардың жобасын Кәсіпкерлер палатасы бір жылға дейін сүйемелдейтін болады.
04 тамыз 2019 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031