» » ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР


 Бір ай бұрын екі бірдей бүлдіршін жол апатының құрбаны болды. Белкөл кентінде орын алған жағдайда көз жұмған нағашылы жиенді балалардың жасы небәрі 4-5-те болатын. Бір күнде отбасы екі бірдей сәбиінен айырылды. Қоғамда мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Себебі әлеуметтік желіден "жол апаты орын алды" деген ақпарат екі-күннің бірінде жарияланады. Көлікті масаң күйде жүргізген 37 жастағы азамат − Алматы қаласының тұрғыны. «Камаз» жүк көлігі жеке мекемеге тиесілі. Ал кінәлі деп танылған жігіт келісімшарт арқылы жұмыс істейді. Айта кетейік, 30 мамыр күні Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Әбдіқадыров көшесінде орын алған қайғылы оқиғаның ісі бүгінде нақтыланды.    
     – Оқиғаға қатысты жүргізуші күдікті деп танылды. 1 маусым күнгі Қызылорда мамандандырылған тергеу сотымен күдікті 2 айға бұлтартпау шарасы бойынша санкцияланған болатын. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар өткізілді. Барлық іске қатысты дәлелдемелер жинақталды. Іс Қызылорда қалалық екінші сотына қарауға жолданды, – деді Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Талғат Әлібаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде.
    Жалпы автокөлік жолдарына орналасқан жол көлік қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар 486 рет тексеруден өткізіліп, тексеру барысында автомобиль жолдары мен көше жол тараптарына және жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар бойынша табылған кемшіліктерге барлығы 868 нұсқама қағаз және облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерге  146 хабарлама ұсыныс жолданған. Сонымен қатар облыс көлемінде қайта жабдықтау, автобус, қауіпсіз жол, құқық тәртібі, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Есепті мерзімде жол қозғалыс ережесін бұзушылық бойынша барлығы 50 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 234 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 180 млн теңге өндірілді. Олардың ішінде жол апатына тікелей әсер ететін автокөлікті мас күйінде басқарудың 821, қарсы бағытқа шығудың 197, жылдамдықты асырудың 6932, ұялы телефонмен сөйлесудің 2329, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 4281 дерек анықталды.
– Белкөл кентінде орын алған жол көлік оқиғасына байланысты жол бойына тыйым салынатын жол белгілері қойылды. Бүгінде жол көлік оқиғасы өте өзекті мәселе. Осыған байланысты полиция департаментінің жауапты қызметкерлерімен 6 айда автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытымен біршама жұмыстар атқарылды. Атқарылған жұмыстарға қарамастан үстіміздегі жылдың 6 айында облыс бойынша жол көлік оқиғаларының саны өскен. Жол апатының негізгі себептері – автопарктың артуы. Сонымен қатар республикалық маңызы бар тасжолдарда үй жануарларының үйден шығып кетуі деген мәселе бар, қала сыртындағы трасса "Батыс Европа – Батыс Қытай" жолы бізге салынды. Осы жолдың бойында қазіргі таңда егістік науқаны жүргізілуде. Сол себепті де мал түсіп кетпесін деп қоршады. Дегенмен малдың жолға шығып кететін жағдайларымен жиі жолығып отырмыз. Мәселен, Арал ауданы бойынша Toyota автокөлігі түйе малын қағып кетіп, нәтижесінде басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы келе жатқан Mersedess-ке соғып, екі азамат қайтыс болды, ал жеті адам әртүрлі дене жарақаттарын алды, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев.
Жол көлік оқиғасының басты себебі масаң күйде көлік жүргізу. Көлік жүргізуге салғырттық танытып, ішімдік ішкеніне қарамастан көлік тізгінін қолына алатындардың дерегі көп. Есесіне өзінің де, өзгенің де өміріне балта шабуда. Сондай-ақ көлікті үлкен жылдамдықта айдайтындар қатары да тым артты. Тіпті жаяу жүргізуші жолағына да мән бермейтін-ді шығарғанҚазір көлік жүргізетін куәлікті де оп-оңай алуға болады. Тіпті жүргізу біле, ме білмей ме оған да көңіл бөліп жатқан адам жоқ. Ата-ана бала тілегін орындап, досынан қалмасын деп көлік әпереді. Ал оның қауіпсіздігін қатаң бақыламайды. Қалада көлікпен жарысып жүрген жастарды көргенде "не жетпейді" екен дейсің. Жаяу жүргіншілер жолағында 22 жастағы бойжеткенді "Лексус" автокөлігімен қағып кеткен 14 жастағы бозбаланың анасы бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Осылайша баласының қылмысына анасы кінәлі деп танылды.
   Ақпан айында өткен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның отырысында облыстың экс әкімі Қ.Көшербаев тиісті сала мамандарына жол көлік оқиғасына бей-жай қарамауды айтқан болатын. "Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, уәкілетті органдардың басшыларына әлемдік тәжірибені ескере отырып, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жол картасын қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмыстардың формальды жүргізілуіне жол берілмесін", – деп қатаң түрде тапсырма берді. Ақпан айында өткен жылдың қорытындысында жол көлік оқиғасы 20 пайызға өскен. Сондай-ақ жол апатынан қаза болғандар саны 11, ал зардап шеккендер саны 22 пайызға көбейген.  Жартыжылдық қорытынды бойынша  жол-көлік оқиғаларының саны 58 пайызға өскен. Сәйкесінше, қайтыс болғандардың саны 69 пайызға, жарақат алғандардың саны 60 пайызға өсім алған. Мұнан өзге, жаяу жүргіншілердің салғырттығы себебінен де жол-көлік оқиғалары тіркелген. 6 ай ішінде 4 мыңға жуық адамның жол жүру ережесін бұзу деректері анықталып, заңды шаралар көрілген. Алты айдың ішінде осындай өзгеріс енгізілсе, әкімдіктің тапсырмасы қайда қалды? Жауапкершілікке ат-үсті қараған жол көлік қызметкерлеріне қандай шара қолданылады? Жол көлік оқиғасын азайту, адам шығынын болдырмау үшін қайтпек керек?
Мөлдір САБЫРЖАН
04 тамыз 2019 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031