» » «СЫР МЕДИА» ТОП ЖАРДЫ

«СЫР МЕДИА» ТОП ЖАРДЫ

  Өткен жексенбіде «Еуразия» спорт кешенінде облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті маман, майталман мемлекеттік қызметкер, шебер ұйымдастырушы Әлия Ибраеваның өмірден өткеніне он жыл толуына орай «Шолпан жұлдыз – өзіңсің шоқтай жарық» атты БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан еске алу турнирі өтті.
Әлия Әсембекқызын еске алуға арналған турнирді қала әкімдігі мен оның түрлі саладағы әріптестері мен дос-жарандары ұйымдастырды. Сондай-ақ, шараға Әлияның туған-туыстары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Әлия Ибраеваның өмірінен жарқын естеліктер айтып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге «Ішкі саясат», «Сыр Медиа», «Қызылорда телеарнасы», «Қоғам ТВ», «Меншікті тілшілер», «Қаламгер», «Жас тілшілер», «Әлияның достары» секілді барлығы 8 команда қатысып, бақ сынады.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысында «Сыр Медиа» командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды «Қаламгер» командасы, ал, ІІІ орынды «Қызылорда телеарнасы» еншіледі. Жеңімпаз командалардың бәріне қаржылай сыйлықтар тапсырылды.
03 тамыз 2019 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031