ЖАЛҒЫЗ ЖҮЛДЕ

  Дзюдодан Хорватия астанасы Загребте өткен халықаралық Гран-при жарысында қазақстандық балуандар бір алтын медаль еншіледі. Қыздар арасындағы бәсекеде Галбадрах Отгонцэцэг өз салмағында дара шықты.
Алғашқы жарыс күні 48 кило салмақта қыздар арасында сынға түскен Галбадрах Отгонцэцэг финалға дейін сүрінбей жетіп, алтын медаль үшін өткен бәсекеде франциялық Милана Клементемен күш сынасты. Қосымша уақытқа дейін созылған белдесуде жерлесіміздің бағы жанып, Гран-при жеңімпазы атанды. Финалға дейін ол Катарина Танзерді (Аустрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) жеңді. Галбадрах былтырғы Загреб татамиінде қола жүлде еншілеген еді.
Ерлер арасында 60 килода белдескен Дәурен Сүйеукенов жұбаныш кездесуінде Польша спортшысы Тома Голомбқа есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) екінші айналымда жеңіліп қалса, екінші жарыс күнінде татами төріне шыққан Серік Ақылбек пен Жансай Смағұлов (73 кг) және Руслан Мұсав (81 кг) алғашқы айналымда-ақ жарыс жолынан шығып қалды.
04 тамыз 2019 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031