» » ЖІГІТТЕР ШӨП ОРЫП, ҚЫЗДАР КҮБІ ПІСЕДІ

ЖІГІТТЕР ШӨП ОРЫП, ҚЫЗДАР КҮБІ ПІСЕДІ

Иә, дәл осылай жастар ауылдағы күйбең тірліктің бел ортасында болады. Бүгін «Жастар жылы» аясында Жалағаш ауданы жастарының еңбек лагері басталды. Барлық ауылдармен кент жастарының басы кешкілік «Төрешова» шаруа қожалығында қосылды. Ұйымдастырушылар лагерь бағдарламасымен таныстырып, қауіпсіздік ережесін сақтауды да ескертті. Мұнан соң жастар шаруа қожалықтың жұмысымен танысып шықты. «Ақылды алау» атты жастар алаңына жиналып, бір-бірімен танысты. Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерхан Бақбергенұлы аудандағы жастар саясатының жүзеге асуы бойынша қысқаша әңгімеледі. Жалпы үш күндік еңбек лагерьде аудан жастары құр қарап жатпайды. Ер жігіттер шөп орса, қыздар жағы сиыр сауып, нан пісіріп, таңғы ас әзірлейді. Шөп жинау, бақша ісімен шұғылданып, балық аулау да ерлердің еншісінде. Құр аулап қоймай оны тазалап тұздайды. Бұл уақытта қыздар күбі пісіп, құрт жаяды. Кешкісін ортақ дастарған басына кешкі асқа жиналады. «Жеті арал» деп аталатын топтық сайыста гір тасын көтеріп, арқан тартып, бес тас, ат ерттеу, ләңгі тебуден сынға түседі. Жастар жылын ерекше өткізу, жастарды еңбек баулу мақсатын көздеген шараға арнайы шақырылған қонақтарда бар. Аудан әкімі қатысатын ресми бөлімі де болмақ. Лагерь қортындысында қатысушыларға сертификат табысталады. 
Жалағаштан жаңалық күтіңіздер. 
Арнайы "Ақмешіт жастары" үшін,
Арайлым ӨМІРБЕК
Жалағаш ауданы
02 тамыз 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

Есебіңе түгел бол!

Есебіңе түгел бол!

23 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031