» » ТАЛДЫСУДА 320 БАЛА ТЫНЫҒУДА

ТАЛДЫСУДА 320 БАЛА ТЫНЫҒУДА

Жазғы каникул уақыты басталысымен оқушылар тау бөктерінде орын тепкен Талдысуға табан тірейді. Тұмса табиғат аясында ойын ойнап, бой сергітіп, қызық қуу балалардың ой еңбегінен алыстап, жаңа оқу жылына дейін еркін демалуына жол ашады. Жаңақорған ауданының Бесарық ауылындағы Талдысу лагері бүгінде тек қызылордалық өрендерді ғана емес, аймақтардан келген балаларды қарсы алуда. Өткен аптада Арыс қаласынан келген 150 бала лагерьге тегін жолдама алды. Кеше сол арыстық балалармен облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов кездесіп, еркін әңгімелесті. Бүгінде лагерьде 320 бала демалып жатыр. Тынығу орталығында оқушылар сарайы, көрме залы, кітапхана, тәрбиешілер бөлмесі, оқу залы, «Ұлттық мәдени тәрбие орталығы, ойын алаңдары жұмыс істейді. Мұнан қалды медициналық орталық, 160 орындық асхана мен жазғы клуб бар. Екі футбол алаңы, волейбол алаңы да оқушыларға қызмет етеді. Қысқасы, ми тынықтырып, ойын ойнап, көңіл көтеруге келген балалар жаңа оқу жылына дейін демалмақ.
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
03 тамыз 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031