» » Қазалыда құрылысшылар күні тойланды

Қазалыда құрылысшылар күні тойланды

  Құрылысшылар күні қарсаңында Әйтеке би кентіндегі «RR» мейрамханасында салтанатты жиын өтті. Құрыш қолды құрылысшылар мен сала ардагерлері қатысқан шарада Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп, мәртебелі мамандық иелерін құттықтады.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан бір топ құрылысшыларға облыс және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табыстады.
Мерекелік шара үстінде «Қазалы Жолшы» ЖШС директоры Серік Өтегенов, «Қазалы Жолаушы» ЖШС директоры Бекқали Бекбауылов, «Қазалы Жолшы» ЖШС директорының орынбасары Досболат Әбжалелов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов «Қызылорда облысының автокөлік саласының құрылғанына 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ал, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Еділғали Әлішевтің кеудесіне құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызмектерлері салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды.
Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, «Промстройсервис» ЖШС директоры Манарбек Еспенбетов, сала ардагері Әли Кәдірқұлов, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбай Әлімбаев, «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов және тағы басқа бірқатар азаматтар құрылысшыларды мерекемен құттықтап, оларға толағай табыс тіледі.
Мерекеге арнайы шақырылған сала ардагерлеріне аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы сый-сияпаттар тапсырылды.
Құрылысшылар мен сала ардагерлерінің құрметіне Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 тамыз 2019 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031