» » Күріш те ауырады

Күріш те ауырады

  Аурудың  таралуы мен белгілері ‒ өсімдіктердің  жапырақтары мен сабақтарында және дән қауызында байқалады. Жапырақтарда  алғаш сарғылт, біртіндеп қоңырқай тартатын, орталық жүйкені бойлай  орналасқан ұзын дақтар пайда болады.  Жапырақ қынаптары мен сабақ буынаралықтары ауруға шалдыққан жағдайда өсімдіктер күйген тәрізді қараяды, сабақтар құлап ретсіз жатып қалады, тез қурайды. Ауруға шалдыққан мүшелерде саңырауқұлақтың мицелийі мен пішіні алмұрт немесе жұмыртқа тәріздес, реңі сұрғылт немесе түссіз, 2-4 пернелермен бөлінген, мүшелері 19-25х8-10 мкм келетін конидиялар түзеледі.
Инфекцияның сақталу және таралу жолдарына келсек6 көбінесе жиын-терімнен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады. Сонымен қатар күріш танаптарында өсетін астық тұқымдасты өсімдіктерде сақталуы мүмкін. Тұқыммен  таралады.  Дақылдың өсу кезеңінде конидиялар ауа ағынымен де тез тарайды.
Аурудың дамуына қолайлы жағдайлар пайдалануға тіркелген сорттардың  ауруға  бейімділігі,  азот тыңайтқыштарын бір жақты мөлшерден артық қолдану, біркелкі  шашпау, инфекция көзі болып саналатын астық тұқымдасты арамшөптер, теңіздік  түйнекөлең, күндізгі және түнгі температура  арасындағы  айтарлықтай ауытқулар, жапырақтарда ылғалдың ұзақ сақталуы.
          Күресу шаралары  ‒  агротехникалық шараларды қатаң сақтау, ауру көзі астық тұқымдас арамшөптер болғандықтан егістік айналасы мен арасындағы арамшөптерден тазарту, күзде күріш жинаған соң атыздағы күріш сабанын жинап алу, азот тыңайтқыштарын  тиісті мөлшерден артық қолданбау, күріш тұқымдарын жаңалау.
Диқандар қауымы күріш атыздарын мұқият назарда ұстап, ауру белгілері байқалса, препараттармен өңдеуге дайын болғаны абзал.
Ақмарал ПАЛМАНОВА,
Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау бөлімінің жетекші маманы

09 тамыз 2019 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031