» » Вайндар байқауы

Вайндар байқауы

   Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде "Кәусар" мамандар орталығы" қоғамдық бірлестігімен және "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру" жобасы аясында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай әскери борышты өтеуді насихаттауға бағытталған вайндар байқауы өткізілді.
Вайндар байқауына жалпы облыс бойынша 6 вайнерлер тобы қатысып, 9 вайн ұсынылды.
Вайндар байқауының жеңімпаздары 12-тамыз Халықаралық жастар күні қарсаңында қалалық мәдени-демалыс паркінде өткізілген "Your time" мерекелік кешінде марапатталды.
Вайндар байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының тұрғыны Бекқазы Ерлан Ақылбекұлына, Қасым Сабыржанға, Қармақшы ауданының тұрғыны Бекматов Нұрасылға арнайы алғыс хаттар табысталды.
Ал байқаудың арнайы "Үздік әртістік шеберлік" номинациясымен Байқоңыр қаласының "Бір үйдің балалары" вайнерлер тобы, "Үздік идея" номинациясымен Жалағаш ауданының жастары, Қызылорда қаласының тұрғыны Болат Нұрперзент "Үздік вайн" номинациясымен марапатталды.
Вайндар байқауына "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы және Жалағаш ауданының "Фарида" шаруа қожалығы қолдау көрсетіп, байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар ұсынды
12 тамыз 2019 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031