» » Планшеттен оқыған Құранның сауабы бар ма?

Планшеттен оқыған Құранның сауабы бар ма?

Сұрақ сізден − жауап бізден:

Сұрақ: Құран Кәрімді дәретсіз планшет немесе телефон сияқты электронды құрылғыдан оқыса сауабы бола ма?
Жауап: Құран Кәрімде: «Оны (Құранды) тазаланғандар ғана ұстайды», - деп «Уақиға» сүресі, 79-аятта дәретсіз Құран кітабын ұстауға болмайтындығы айтылған. Дегенмен, телефон, планшет және компьютер сияқты электронды құрылғыдағы Құран Кәрім шынайы парақтан жасалмағандықтан, оны дәретсіз қолға алып оқуға рұқсат етіледі. Бұған қоса: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, сол үшін бір сауап бар. Ал, сауап он есе көбейеді. Мен «Әлиф Ләм Мим» бір әріп деп айтпаймын. Алиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп[Тирмизи]»
деген хадис негізінде Құран аяттары мен сүрелерін тілімен оқығандықтан әрбір әріпі үшін сауабы бар.
         Ал, енді Құран кітабын қолға алып оқыса, жай тілмен оқығаннан қарағанда сауабы еселене түседі. Өйткені мұнда тілден бөлек басқа да сезім мүшелері ортақтасады. Көзбен Құран аяттарына қараумен және қолмен Құран парақтарын ұстау − жай тілмен оқудан қарағанда еселенеді [Дәрул Ифта].
13 тамыз 2019 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031