» » 6 ІТ ЛИЦЕЙ АШЫЛАДЫ

6 ІТ ЛИЦЕЙ АШЫЛАДЫ

Жаңа оқу жылы қарсаңында қалада жеке мектептер саны артады, әрі білім ордасында IT бағытын тереңдетіп оқытуға басымдық берілмек.
Облыстық бюджет есебінен өңірде 6 IT лицей ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ информатика мен алгоритмиканы тереңдетіп оқыту мақсатында факультатив сағаттары бөлінеді. Айта кетейік, білім сапасын арттыру тұрғысындағы бастамаларды жекеменшік мектептер желісі арқылы  дамыту қарастырылған.
«Қазір Білім және ғылым министрлігінің тарапынан бір оқушыға балабақшадағы тәрізді мемлекеттік тапсырыс бөлінетін болады, сонымен қатар қазір қалада 2 жекеменшік мектеп бар, енді оған қоса екеуі ашылады деп жоспарлап отырмыз. Біреуі – 500 орындық, екіншісі – 300 орындық», ‒ дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.
Облыстық білім басқармасы 25 тамызға дейін барлық мектепке оқулық жеткізілетінін мәлімдеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарына рұқсат етілген «Өлкетану» оқулықтарына қосымша тапсырыс беріліп отыр. Биыл облыс көлеміндегі мектептерде 64 мыңдай оқушы білім алады деп күтілуде. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың да саны көбейген.
12 тамыз 2019 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031